Сүтті ірі қараны ұстау тәсілдер

Сүтті ірі қараны ұстау тәсілдер

 

Сүтті ірі қараны қыста және жазда ұстау тәсілдері, шаруашылықтың табиғи-эканомикалық жағдайына және қабылданған сүтті өндіру технологиясына байланысты.

Мал азығымен молымен қамтамасыз етілген шаруашылықтарда, қыста мал қорада, ал жаз айларында табиғи және екпе жайылымдарды пайдалану арқылы ұсталынады.

Жері көп жыртылған аймақтарда малдарды көбінесе қолда — лагерлік тәсілді қолданып ұстайды. Онда жазғы айларда жеңіл калқан, сиырды сауатын орындар және де басқа да бөлмелер қамтамасыз етіледі.

Қолда лагерлік тәсілмен ұстаудың өз ерекшеліктері бар, малдың күтіміне, жағдайына жақсы әсер етеді, сонымен катар, ветеринарлық — санитарлық жұмыстарды сапалы жүрпзуге мүмкіндік туады.

Сауын сиырларды көп жылдық екпе жайылымда ұстаудың нәтижесінде, әр сиырдан тәулігіне 14-18 кг сүт саууға болады, әрине ондай жағдайда жем аз жұмсалынады. Осындай жағдайда әр сиырға 0,2-0,3 га жайылым бөлінеді.

Малдарды қолда ұстаған уақыттарында, оларды мезгілді уақытында тәулігіне бір рет серуендетіп тұру қажет, ал серуендеудің маңызы зор, себебі жалпы малдың денсаулығы жақсарып, уақытында бұзаудың жеңіл тууына көп себебін тигізеді.

Малды бос ұстау тәсілінің ерекшелігі, оларды топ-тобымен ұстайды, малдар емін-еркін қорада жүреді және серуендеу алаңында болады. Малды бос ұстаудың ерекшелігі, барлық жұмысты механизация күшімен атқаруға болады, әрі 1 т сүт өндіруге еңбек шығыны аз жұмсалынады. Малды бос ұстау мезгілдерінде көлемді және сүрлем азықтарын топ-тобы бойынша таратады, тек қана жемді жеке-жеке, сауу мерзгілінде мөлшерлі түрде таратады.

Әр түрлі табиғи — эканомикалық аймақтарда, малдарды бос ұстаудың өзінше ерекшеліктері бар. Жылылау аймақтарда жартылай ашық қораларда ұстайды, серуендеу алаңдарында ірі, сабақты, сүрлем және көк майса азықтарды таратады. Ал солтүстік аймақтарда малдар қораларда ұсталынады, оларға мал азығын сол қорада таратып, серуендеуіне де мүмкіндік туғызады. Әрине малдарды азықтандыру үшін, оларды топ-топқа бөледі: буаз, суалған сиырлар, бұзаулайтын қорадағы сиырлар, жаңа бұзаулаған сиырлар, аса сүтті сиырлар, жалпы сауын сиырлар болып. Бұзаулайтын қорада әр сиыр байлаулы болады, әр қайсысын жеке-жеке сауады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *