Сиырды өніміне қарай сұрыптау

Сүт кешендерінде сұрыптау төсілін қолданып, біркелкі сүт  сауылатын сиыр табынын қүрастыруға болады. Егер сиыр сүтті болып, олардан жылына бұзау алынса, сиыр табынының жақсы болғаны. Әсіресе, сүт комплексіндегі сиырлардың ірі, тірідей салмағы ауыр болғаны жөн, себебі мұндай сиырлардан көп сүт сауылады. [15]

Сиырлар мен қашарларды тірідей салмағы арқылы сұрыптағанда олардың стандарт көрсеткішіне қарайды. Сиыр табынын толықтыруға арналған олардың тірідей салмағы 1-класс стандартынан кем болмауы шарт.

Малдың экстерьері және конституциясына қарай сұрыпталғанда сүйектерінің мықтылығына, еттілігіне, көкірегіні: тереңдігі мен кеңдігіне, жалпы дене құрылысының жақсы дамуына қарайды. Себебі мұндай мал өте төзімді және ауруларға шалдықпайтын болады, ұрпақ беру қабілеті жақсы және өніде жоғары.

Мал кешендерінің барлық алаңы (қора ішіндегі, азықтандыру аланындағы т.б. едендері) асфалътталған. Соның салдарынан мал тұяғы тез қажалады, сондықтан оларды тұяғы жақсы жетілуіне қарап та сұрыптайды.

Сиырды өніміне қарай сұрыптаумен бірге, олардың желінінін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне де қарайды. Әсіресе желінінің сыртқы пішініне көп көңіл бөлінеді, олардың бөліктерінің тең және жақсы өсуіне, желінінің денеге дұрыс орналасуына қарап та сұрыптайды.

Сұрыптаудан нашарлары бөлінгеннен кейін, қалған сиырларда тауарлы шаруашылықтарда екі топқа бөледі: асыл тұқымды және өндірістік. Асыл тұқымды топқа өнімі жоғары сақа сиырларды береді (сүті мен сүтінің майлылығы сиыр табыны көрсеткішінен едәуір жоғары). Бұл топқа қырдың қызыл сиырының және әулиеата сиырларының сүт көрсеткіштері және сүтінің майлылығы мен белогі 1 класс стандартынан жоғарғысы кіргізіледі. [16]

Тауарлы шаруашылықтардағы сиыр табынының асыл тұқымды тобына алғашқыда сақа сиырлардың сүт көрсеткіштері 2700-3000килограмға жетсе, ал қырдың қызыл сиыры сүтінің майлылығы 3,7, әулиеата сиыры сүтінің майлылығы 3,8 пайыздан асса кіргізуге болады. Ал сиырлардың тірілей салмағы 500 килограмнан артуы, экстерьерін бағалағанда 8,5 балдан жоғары болуы тиіс. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда, көп жылды бонитировка материалдарын зерттеуден кейін, олардағы сиыр табынын бір қалыпқа келтірген жөн. Асыл тұқымды малдан селекциялық топ қүрылады, Бұл топқа өнімі жоғары линиялардан шыққан мал кіруге тиіс. Селекциялық топтан табынды толықтыратын қашарлар мен жас бұқалар алынады. Селекциялық топқа енгізілмеген қашарлар басқа шаруашылықтарға берілсе, еркек бұзаулары етке тапсыру үшін бордақыла-нады. Сондай-ақ селекциялық топтан мемлекеттік тұқым мал станциясын асыл тұқымды бұқамен қамтамасыз ету үшін сүтті, шығу тегі жақсы, мал өнімді линияда тараған сиыр бөлінеді. Малды бонитировкалау кезінде асыл-тұқымды өсіретін шаруашылықтардағы селекциялық топтың материалдарын  жеке  есептеген  жөн,  Профессор  Т.Ф.   Тавилдарованың дерегі бойынша қырдың қызыл сиырының селекциялық тобы бірнеше топтан тұрады:

Бірінші топ — «сүтті және сүті өте майлы» — сүті асыл тұқымды сиыр сүтінен жоғары, сүтінін майлылығы 4 пайыздан артық;

Екінші топ — «сүтті» — сүті едәуір артық, ал сүтінің майлылығы 3,8-3,9 пайыз;

Үшінші топ — сүті «өте майлы» — сүті азырақ, ал сүтінің майлылығы 4 пайыздан жоғары.

Әр топтың өзіне тән тірідей салмағының стандарт көрсеткіші болады. Әрі сиырдың дене пішіні, дене құрылысы үқыпты сипатталуы керек және әрбір 100 кг тірідей салмағына қанша сүт өндірілетінін аныктауға тиіс. Сонымен катар бұқа және сиыр линиясын анықтаған жөн. Ол үшін, ең алдымен сиырларды туыстас топтарға, сонан соң өніміне қарай үш топқа бөледі, одан линиясын анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *