Шаруашылықгардың мамандандырылуы және шоғырландырылуы

Сауын сиыр шаруашылығында сүт өнімінің мол және экономикалық жағынан нәтижелі болуы сиыр табынының құрамына байланысты. Осыған байланысты сиыр табынында оларды ұстау мерзімін анықтау және мезгілінде сиыр табынының жас малмен толықтырып, кәрілерін уақытында шығарудың маңызы зор. Малдың өсуі, табынның сапасы және құрамы, сондай-ақ қалыптасуына байланысты.

Осы уақытқа дейін малдан өнімді көп алу үшін оның санын көбейту қажет болды, мұндай жағдайда әр сиыр табында 10-12 жыл пайдаланып, тек жылына 8%-ын ғана табыннан шығаратын. Көптеген зерттеулер бойынша сиырлар алты рет бұзаулағаннан кейін 1 кг сүт өндіруге 25% азық өлшемі артық жұмсалғаны байқалады. Сондықтан кәрі сиыр сүтінің өзіндік бағасы жас сиырларға қарағанда жоғарылау, әрине мұндай жағдайда оларды сиыр табынында ұстаудың қажеті шамалы. Сонымен сиыр табынындағы сиыр жасының шаруашылық экономикасына тигізетін әсері зор.

Көптеген асыл тұқымды сиыр шаруашылығының тәжірибелері бойынша жылына 8-10% кәрі сиыр шығарылады, оның орны жас сиырмен толықтырылады, ал осындай жағдайда сиыр табынын асылдандыру өте қиын, себебі табында сүтті аз беретін сиырлар қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сиырлар тек шығу тегі арқылы сұрыпталады, көбіне Бұл тәсілден көп қателеседі, себебі сүт өнімінің тұқым қуалаушылық коэффициенті өте төмен. Ал сиырлардың дамуын, желін бөліктерінің біркелкілігін, тез сауылуын сұрыптау қиынға түседі.[1]

Еліміздегі және шетелдегі көптеген тәжірибелер бойынша сиыр табыны жылына бірінші рет бұзаулаған жас сиырлармен 25% толықтырылады, әрі осындай мөлшерде кәрі, ауру, сүт өнімі аз сиырлар сиыр табынынан бөлінеді. Сондықтан көптеген асыл тұқымды шаруашылыктарда қазіргі уақытта әрбір 100 сиыр 25-30%о бұзаулайтын жас сиырлармен толықтырылып, сүті төмен сиырлар сиыр табынынан шығарылуда. Ол үшін бірінші рет бұзаулаған сиырларды 3-4 айдың ішінде бақылау арқылы сүтін анықтау қажет, аса сүттісін сиыр табынын толықтыру үшін қалдырылған жөн. Мұндай жағдайда жыл сайын сиыр табынынан 25-27% сиыр шығарылады, оның ішінде 8-10% кәрі сиырлар, 5-6%о қысыр сиырлар және 11-13% сүтсіз сиырлар. Ф.Ф.Эйснердің деректері бойынша мұндай шаралардың сиыр табынының өнімін жоғарылату үшін маңызы зор. Іріктеп алу керек, төртіншіден, мемлекеттік асыл тұқымды мал станциаларына қарасты және аймағындағы шаруашылықтарда жаңа тұқымды мал фермаларын ұйымдастыру керек. Осындай үрдісте үлкен шаруашылықтар жаңадан асыл тұқымды мал зауытына айналады да, асыл тұқымды мал фермалары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары болады. Егер әр 100 сиыр мен қашардан жылына 90-100 бұзаудан алынса, оларды ұрықтандыру үшін таза тұқымды бұқалар пайдаланылса, онда аз уақытта асыл тұқымды мал фермалары маңайындағы шаруашылықтарды таза тұқымды бұқалармен қамтамасыз етсе, онда асыл тұқымды мал фермалары мол өнімді сиырлармен сүт комплекстерін де қамтамасыз етеді.

Ғалымдардың мәліметтері және селекциалық жұмыс бойынша қырдың қызыл, алатау, қара-ала, қызыл-ала сиырларының алдағы жылдары асыл тұқымды мал шаруашылықтарында сүті 3500-4500 кг, сүтінің майлылығы 3,75-4,1% болса, мал фермаларында сүті 3500-4000 кг сүтінің майлылығы 3,75-4,1%, сүт комплекстерінде сүті 3500-4000 кг, сүтінің майлылығы 3,75-4,1%, ал тауарлы фермаларда сүті 3000-3500 кг, сүтінің майлылығы 3,75-4,1%) болады. Сауын сиырлардың сүті көбейген сайын, оның өніміне азық өлшемі де аз жұмсалады. Мысалы, жылына алынатын 1500 кг сүт үшін оның 1 кг-на 1,7 азық өлшемі жұмсалса, 3000 кг сүт алу үшін, оның 1 кг-на 1,2 кг, ал 4500-5000 кг сүт сауылған уақытта 1 кг өндіруге 0,9 кг азық өлшемі жұмсалады. Сиыр сүтінің өнімі оның тірідей салмағына да байланысты. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтардағы сүтті сиырлардың тірідей салмағы жоғары болумен қатар, сүті де жоғары. Қырдың қызыл, қара-ала, қызыл-ала, алатау, симментал, әулиеата сиырларының қолайлы орташа тірідей салмағы 500-600 кг болуы тиіс. Сиыр сүтінің және тірідей салмағының жоғары болуы төлді дұрыс өсіруге байланысты. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында төлді өсіргенде, олардың тірідей салмағы, сол тұқымының 1 класс стандартынан 10-15% артық болуға тиіс. Сондай-ақ бұл шаруашылықтарда 6 айлығына дейін тәулігіне ұрғашы бұзаулар 700-800 г, еркек бұзаулар 900-1000 г, 6 айлығынан 12 айлығына дейін 500-600 және 600-700 г салмақ қосатын болу керек. Ал, тауарлы фермаларда ұрғашы бұзаулар 6 айға дейін 600 г, 6 айлығынан 12 айлығына дейін 500 г, 12 айлығынан 18 айлығына дейін 400 г салмақ қосып, 18 айлығында (бірінші рет ұрықтандыру алдында) тірідей салмағы 360-380 кг жетуі тиіс. [2]. Шаруашылықгардың мамандандырылуы және шоғырландырылуы. Сүтті сиыр шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі бір саласы, шаруашылықтарда сүт өнімінің көбеюі жем-шөптің қорына байланысты және малды асылдандырумен қатар сүтті сиыр шаруашылығының мамандандырылуы мен шоғырлануының да маңызы зор. Бұлардың бір артықшылығы — ол шаруашылықты жаңа технологиялық өндірістік негізінде дамытуға мүмкіндік береді. Көптеген авторлардың зерттеулеріне қарағанда бірқатар шаруашылықтарда мамандандыру және шоғырландыру нәтижесінде сүт өнімінің өзіндік құны едәуір төмендеген. Сондықтан шаруашылықтарға сиырларды көп шоғырландырылған пайдалы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *