Президент жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия

Президент жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына да міне, бес жыл болыпты. Осынау уақыт аралығында әйелдер белсенділігін жан-жақты көтеруге бұл комиссияның сіңірген еңбегі аз емес. Өз жұмысын Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын жасаудан бастаған комиссия содан бері әйелдер белсенділігін арттыра түсуге арналған шараларды осы жоспарға сай кезең-кезеңімен атқарып келеді. Бұл орайда Қазақстанның биылдан бастап БҰҰ-ның әйелдер жаңдайы жөніндегі комиссиясына мүше болуы біраз жәйтті  аңғартса керек.

Сондай-ақ ұлттық комиссиясының бастамасымен  елімізде жыл сайын гендерлік қатынастарды айшықты бейнелеу үшін ″Қазақстанның әйелдері мен ерлері″ деген статистикалық жинақтың жарық көріп келе жатқанын, осындай әргелі істердің бірі ретінде Парламенттер ұлттық комиссиямен етене жұмыс істейтін ″Отбасы″ тобының құрылғанын айтуға болады.

Республика қыз-келіншектері де өздеріне көрсетіліп отырған қамқорлық пен қорғауды барынша айқан сезіне бастады. Оған былтырғы жылдың қыркүйек айында өткен жергілікті мәслихат сайлауына 1484 әйелдің кандидат болып тіркеліп, олардың арасынан 568 әйелдің ашық бәсекелес қарсыласынан басым түсуі толық дәлел бола алады. Тек саясатта ғана емес, әйелдер белсенділігі барлық салада,  әсіресе іскер қауым арасында барынша жандана бастады. Бүгінде шағын бизнеспен шұғылданатындардың 40 пайызы әйелрдер екенін айтқан жөн. Қыз-келіншектер белсенділігінің осылайша өсе түсуіне ұлттық комиссияның ұйымдастырумен өтіп келе жатған түрлі семинар-кеңестердің де айтарлықтай ықпалы болғаны анық.  Мәселен, өткен жылы ғана  ұлттық комиссия түрлі халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып әйелдер арасында 150-ден аса семинар өткізді. Оның жұмысына республикамыздың түкпір-түкпірінде тұратын мемлекеттік қызметтегі және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін әйелдер тартылды.

Елімізде әйелдердің жағдайы ойдағыдай деп айтуға ерте. өзгесін қоя тұрғанда, шешуші буында, басшылық қызметте отырған әйелдер саны ерлерге қарағанда елеулі түрде аз. Айталық, осы күнге дейін облыс әкімі қатарына бірде-бір әйел болмаған екен. Парламент депутаттарының 11-і ғана әйел. Бұл, жалпы депутаттар санының 9,5 пайызы ғана десек, 16 министрліктің тек екеуінің басында ғана әйелдер отыр.

Еңбек рыногында да әйелдерге деген сұраныс аз. Жұмыс берушілер қыз-келіншектерді қатарына алуға құлықсыз. Көбінесе төменгі лауазымды қызметтерді ұсынады. Білім-білігі ерлермен бірдей бола тұра, әйелдердің еңбекақысы да көп төмен. Қыз-келіншектер кез-келген жұмысқа, оның ішінде зиянды және ауыр еңбекке келісуге мәжбүр болуда.

Ұлттық комиссия мүшелері өздерінің кезекті отырысында осы жайттарды ортаға сала келіп, республика тұрғындарының тең жартысынан астамының әйелдер екендігін, соған орай, Пример-Министрдің бір оырнбасары қызметінде әйел отырғаны қоғамға барынша тиімді болатынын, ал шешуші буында әйелдер саны неұрлым көп болуы қорғам өмірін барынша көркейте түсетінін алға тартты.Мәжілісте бұл тақырыптың өткір қойылуының да өзіндік жөні бар.Неге десеңіз, ұлттық комиссия мүшелері бұл жолы еңбек рыногында әйел еңбегіне сұранысты, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселесін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттекпен бірлесе отырып қарастырды. Мәжілісте сөз кезегін алған Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Ғ.Әбдірахимов бүгінгі саңда еңбек рыногында қалыптасын орынған жағдайға жан-жақты толталып өтті.

Агенттік төрағасының айтуы бойынша, мемлекеттік қызметтегі 81702 адамның 47813-і әйелдер екен. Яғни, жалпы санға шаққанда әйелдер үлесі 58,5 пайыз деген сөз. Бұл биылғы жыл басындағы жағдай бойынша айтқанда, әйелдерді қызмет бабында өсіру шараларын алдағы кезде ұлттық комиссиямен бірлесе, зерттей отырып ойластыру  қажеттігін алға тартты.

Сондай-ақ, осы мәжілісте Гендерлік саясат тұжырымдамасының тұсаукесері де өтті. Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары, басымдықтары мен міндеттері белгіленген бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстан әйелдерінің жағдайын жақсару жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандароын жою туралы БҰҰ-ның конвенциясы және басқа да халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде әзірленгенін айта кеткен жөн.

Тағы да бір тоқталып өтетін мәселе – Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасы халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайы тұрақталуының және ел экономикасының орнықты дамуының (2010 жылға дейін) қазіргі кезеңіне,  сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаға (2030 жылға дейін) есептелген.

Бұл тұжырымдамада қоғам өмірінің әйелдерге қатысты барша мәселелері, оның ішінде гендерлік теңдікке қол жеткізу мүмкіндіктері институционалды ұйымдастырушылық сипатта, саясатта, экономика мен еңбек саласында, денсаулықты нығайту, әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықты түп тамырымен жою жөніндегі нақты шешімдер көрініс тапқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *