Кәсіподақ комитетінің қаулысы

Мекеме кәсіпорын жанындағы комиссия (ЕДК) арқылы шешілетін еңбек даулары 1991 ж. 12 мамырда қабылданған заңмен реттелген.

Еңбек дауларын шешу комиссиясының (ЕДК) құқықтық жағдайы өзінше ерекше. Ол қоғамдық ұйымға да, мемлекеттік ұйымға да жатпайды. Ол еңбек ұжымы  мен әкімшілік тараптарынан бірлесіп құрылатын орган болғандықтан онда пайда болған еңбек дауларын үйлестіру жолымен қарастырып шешеді. Комисия тараптардың тек өкілдік принципі негізінде еңбек ұжымдарының жалпы жиналысы  немесе конференциясында сайланған өкілдерінен құрылады.

Комиссия құрамына жиналысқа қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берсе, өкіл сайланған боп есептеледі. Сайлауды өткізу тәртібі, комиссия құрамы, оның  өкілдік мерзімі жалпы жиналыстың шешімі бойынша белгіленеді.

Комиссия өзінің құрамынан төраға, оның орынбасары мен хатшысын сайлап алады. Осылайша еңбек дауларын қарайтын комиссиялар өндіріс бөлімшелерінде де құрылады, сөйтіп олар да өз құзіреті шеңберінде еңбек мәселелерін қарап шешетін орган боп есептеледі.

Еіңбек даулары комиссиясы  (ЕДК) мекеме, кәсіпорын бойынша еңбек дауларын қарап шешетін бірінші сатылы бастауыш орган боп саналады. Егер әкімшілік пен жұмысшы өзара келісімге келе алмаса еңбек даулары комиссия деңгейінде қаралады. Комиссияға шағым беру мерзімі – еңбек құқығы бұзылған не бұзылды деп білгеннен бастап 3 ай мерзім ішінде. Бұл мерзім дәлелді себептер бойынша өткізіліп алса, ұзартылуы мүмкін.

Жұмысшының жазбаша шағым – арызы комисия іс – қағаздарына міндетті түрде тіркелуге жатады. Еңбек даулары ретінде  түскен шағым – арыз 10 күн ішінде арыз беруші мен әкімшілік өкілінің қатысуымен қаралып шешілуге тиіс.

Жұмысшының қатысуынсыз мәселе тек оның жазбаша арызы бойынша қаралуы мүмкін. Арыз егесі жұмысшы отырысқа келмей қалса, отырыс болмады деп саналады. Тағы шақырылып, екінші рет отырысқа келмеген жағдайда, арыз қарудан алынып тасталады, бірақ оның өз арызын қайталап беруіне құқы сақталады

Комиссия шағым – істі қарау үшін оның үштен екі құрамы болуға тиіс.

Тараптардың комиссия құрамына наразылық білдіруіне болады, онда комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі.

Комиссия отырысының іс жүргізуі протокол бойынша қатталады және ол онығң төрағасы немесе орынбасарының қолымен бекітіледі.

Комиссия отырысына қажетті жағдайда қажетті мамандар, куәлар, кәсіподақ және басқа қоғам ұйымдарының өкілдері шақырылуы мүмкін. Комиссия талап еткен жағдайда мекеме, әкімшілік басшылары қажетті құжаттармен есепті қағаздарды беруге тиіс.

Комиссия өзінің отырысында қаралған мәселе бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылдайды. Онда қатысушыларды, мекеме өкілдерінің, тараптардың  аты – жөні, комиссияға шағымның берілген мерзімі, шағымның қаралу мерзімі; шағымның мән – мағынасы, комиссия мүшелерініңка аты – жөні, әкімішілік, кәсіподақ ұйымынан қатысушылардың аты – жөні, қабылданған қаулы және оған дауыс беру қортыындысы толық жазылуға тиіс.

Комиссия қабылдаған шешімнің көшірмесі 3 күндік мерзімде талапты жақтар – жұмысшы мен әкімшілік қолына тапсырылады.

Комиссия және кәсіподақ шешімімен келіспеген тараптар сотқа жүгінуіне болады.

Еңбек дауларын шешетін комиссияның өзіне тән мөрі мен штампы болады.

Комиссияның ұйымдастыру, материалдық қамсыздандыру, көлік, жазу машинкалармен, әдеби, іс – қағаз жүргізу материалдарымен қамтамасыз ету жұмыстары мекеме әкімшілігіне жүктеледі.

Еңбек даулары комиссиясының шешімімен келіспеген жжағдайда дау кәсіподақ комитетінің қарауына өтеді. Оған шағым беруші  тараптар – жұмысшы немесе мекеме әкімшілігі жазбаша шағым – арыз бойынша өз талабын қояды.

Кәсіподақ комитеті 10 күн мерзім ішінде түскен шағым – арызды қарауға тиіс. Сөйтіп, комитет мүшелерінің көпшілік даусымен қаулы қабылдайды. Кәсіподақ комитетінің отырысында оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысуға тиіс. Қаулыда еңбек дауының мән – мағынасы толық анықталып, дәлелденуге тиіс.

Кәсіподақ комитетінің қаулысының көшірмесі 3 күн ішінде тараптардың қолына тапсырылады. Қаулымен келіспеген тараптар 10 күн ішінде қаулы қабылданғаннан кейін сотқа жүгінуге болады.

Еңбек даулары комиссиясының және кәсіподақ комитетінің қабылдаған қаулыларын мекеме әкімшілігі 3 күн мерзім ішінде міндетті түрде орындауға тиіс. Бұл мерзім 10 күндік шағым беру ішіне кірмейді.

Комиссия немесе кәсіподақ орындалмаған жағдайда талапкердің қолына заңдық орындау күші бар комиссия немесе кәсіподақ комитетінің куәлік құжаты берілед

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *