АРОМАТТЫ ҚОСЫЛЫСТАР

 АРОМАТТЫ ҚОСЫЛЫСТАР — 

 молекулаларында 6 көміртек атомдарынан тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық қосылыстар. Алғашқы ашылған ароматты қосылыстардың жұпар иісті болуына байланысты осылай аталған. Олардың құрамындағы циклдар бір-бірімен жапсарласа байланысып, біртұтас жүйе құрайды. Ароматты қосылыстарға негізінен ароматты көмірсутектер (мыс., бензол, толуол, нафталин, антрацен, фенатрен) және олардың туындылары (мыс., анилин, бензой қышқылы, фенол т.б.), сондай-ақ кейбір бензоидты емес (мыс., азулен) және гетероциклды (мыс., фуран, тиофен, пиридин т.б.) қосылыстар жатады. Ароматты қосылыстар дәрі-дәрмек, пластмасса, сыр-бояу, қопарылғыш заттар өндірісінде және жанармайдың  арнаулы сорттарын жасауда қолданылады. Ароматты қосылыстар мұнай өнімдері мен тас көмір шайыры шикізаттарынан алынады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *