Өндiрiстiк жағдайлар

Өндiрiстiк жағдайлар бойынша немесе үнемi үздiксiз қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен мекемелерде жұмысшы, қызметшiлердiң әрбiр тобы үшiн демалыс күндерi кәсiподақ комитетiмен келiсе отырып, әкiмшiлiк бекiтетiн кезекшiлiк кестесiне сәйкес аптаның басқа күндерiнде кезекпен берiлуi мүмкiн.

Ал халыққа қызмет көрсету жұмысын дұрыстап жолға қою үшiн жұмысты тоқтатылуға болмайтын кәсiпорын мен мекемелер (дүкен, музей, театрлар) демалыс күндерiн жергiлiктi мәжiлiс органдары белгiлейдi.

Соңғы кезде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы бойынша мереке күндерiне мына күндер жатады:

қаңтардың 1,2 жұлдызы күндерi – жаңа жыл;

наурыздың 8 жұлдызы – Халықаралық әйелдер күнi;

наурыздың 22-23 жұлдызы – наурыз мейрамы;

мамырдың 1 жұлдызы – Еңбекшiлердiң халықаралық ынтымақ күнi;

мамырдың 9 – жұлдызы – Жеңiс күнi;

тамыздың 30 жұлдызы – Конституция күнi;

Қазанның 25 жұлдызы – Республика күнi,

желтоқсанның 16 жұлдызы – Тәуелсiздiк күнi.

Бұл күндер күнтiзбеде қызыл таңбамен безелген; ол күндерi барлық кәсiпорындар мен мекемелерде жұмыс iстелмейдi.

Мейрам күндерi, өндiрiс жағдайларына байланысты тоқтатуға болмайтын жұмыстарды, халыққа қызмет көрсету қажеттiгiнен туатын жұмыстарды, сондай-ақ кезек күтiрмейтiн жөндеу және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын iстеуге  жол берiледi.

Мейрам күндерiнде iстелген жұмысқа еңбекақы екi есе артық төленедi.

Мейрам күнi жұмыс iстеген жұмысшының немесе қызметшiнiң қалауы бойынша оған басқа күнi демалыс беруге де болады.

Азаматтардың демалуға, тынығуға құқытары бар. Бұл субъективтiк құқық Негiзгi заң — Конституцияда көрсетiлген, оны жүргiзу үшiн жұмысшылар мен қызметшiлерге жыл сайын ақы төленетiн демалыс (отпуск) берiледi. Бұл кезде олардың жұмыс орны және орташа айлық ақылары сақталады.

Мекемелер мен кәсiпорындарда еңбектiк құқық қатынастарында тұратын барлық жұмыскерлердiң тынығу құқығы бар. Ол алатын жалақысының түрiне, мөлшерiне, атқаратын қызметiне (штаттық немесе штаттан тыс) байланысты емес. Бұл ережеден тыс бiр ғана ерекшелiк бар. Ол – уақытша және маусымды жұмыстағы жұмыскерлер. Олардың жыл сайынғы алатын тынығу құқығы жоқ. Бұл жөнiнде аздап тұсiнiк бере кетейiк. Уақытша жұмыскерлер деп екi ай мерзiмге дейiн немесе уақытша кеткен қызметшiнiң орнына 4 ай мерзiмге қабылданған қызметкерлердi айтады.

Уақытша жұмыскер көрсетiлген мерзiм өтiп, одан кейiн еңбек қатынастары жалғаса берсе, ол алғашқы жұмыс iстеген күннен бастап тұрақты жұмысшы болып есептеледi. Оның тынығу құқығына қажет жұмыс стажы да сол уақытша жұмысқа алған күннен бастап есептеледi.

Маусымды жұмыскерлерден арнайы күнтiзбелiк тiзбеде көрсетiлген, мерзiмi 6 айдан аспайтын жұмысқа қабылданған адамдарды айтады. Жұмыскер бұл мерзiмнен артық iстесе, оның құқықтық жағдайы тұрақты жұмыскер болып есептеледi де, ол тынығу құқығына ие болады.

Қосымша жұмыс iстейтiндерге тынығу құқығы негiзгi жұмыс орнында берiледi. Осыған байланысты қосымша жұмысына алатын ақысы да есептелмейдi.

Еңбекпен түзеу жұмыстарына сотталған адамдар да жыл сайын тынығу құқығымен пайдалана алмайды. Сонымен қатар оның жұмыс стажы да жүрмейдi.

Оқу бiтiрiп жодамамен жұмысқа жiберiлген жас мамандар жұмысқа кiрiскенге дейiн жiберiлген мекеменiң есебiнен бiр айлық демалыс алады. Қазiргi кезде демалыс (отпуск) туралы заңдар өте көп, оның көбi одақтық заңдар. Сонымен бiрге республикалық заңдар да баршылық, олардың өзара қайшылығы бар. Оны заң қақтығыстары (соғыс) дейдi. Мысалы, Одақтық заң бойынша жыл сайын берiлетiн демалыс 15 жұмыс кұнi. Ресей заңы бойынша 24 жұмыс күнi. ҚР Заң жобасы бойынша 21 күн. Қазiргi кездегi Қазақстан республикасы заңдары бойынша 15 жұмыс күнi.

Сондықтан қазiр қолданылып жүрген демалыс туралы заңдарды жаңа заңның жобасымен салыстыра отырып қарастырған жөн болар. Бұл заңның жобасы 1989 жылы 7 желтоқсанда газет бетiнде жарияланған. Бұл жоба ҚР Парламентiнде де толқыланды. Содан берi 15 жылдай уақыт өттi. Заң әлi қабылданған жоқ. Бұл Заңды қабылдауға қаржы болмай жатқан көрiнедi. Есеп бойынша бұл заңды iске асыру үшiн көп қаржы керек. ендi бұл заңды әр егемендi мемлекет өзi (олар кешегi одақтас республикалар) қабылдауға тиiс. Экономикалық жағдайдың дұрысталуын күтумен бiрге заңды қабылдауды тездеткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *