Жалақысы сақталмайтын демалыс негізі

  1. Жалақысы сақталмайтын демалыс негізі мыналар: 
  • некелесу;
  • баланың тууы;
  • жақын ағайынның өлуі;
  • еңбек, ұжымдық келісім-шартта қарастырылған басқа да жағдайлар.  

Оқу демалысының төлем ақысы еңбек, ұжымдық, оқу келісім-шарттарымен анықталады.

 Жүкті әйелдерге, балалы болған әйелдерге, жаңа туылған баланы асырап алған әйелдерге (ерлерге) келесі демалыстар беріледі: 

  • жүктілік пен бала тууға берілетін төленетін демалыс;
  • жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерлерге төленетін демалыс;
  • баланың жасы үш жасқа жеткенше қарауға берілетін жалақысы сақталмайтын демалыс.

Жүктілік пен бала тууға байланысты демалыс алдында немесе одан кейін бала бағу уақыты біткен соң, әйелдің қалауынша жыл сайынғы төленетін демалыс беріледі.

 Егер Қазақстан Республикасының заңымен басқа тәртіп бекітілмеген болса, жүкітілік пен тууға байланысты әйелдерге төленетін демалыс, жетпіс күнтізбелік күнге және туғаннан кейін елу алты (егер ауыр жағдайда туылған немесе екі не одан көп бала туылса – жетпіс) күнтізбелік күнге беріледі.

 Жаңа туылған баланы асырап алушы жұмысшыға (ата-ананың біреуіне) асырап алған күннен бастап және бала туылған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін төленетін демалыс беріледі.

 Жұмыс беруші үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға жалақысы сақталмайтын демалыс беруі тиіс: 

  • ата-ананың таңдауы бойынша — анасы немесе әкесіне;
  • ата-анасына – баланы тәрбиелеушіге;
  • баланы нақты тәрбиелеп жатқан әжесіне, атасына, басқа туысына немесе асыраушысына;
  • жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерге. 

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс толығымен немесе жұмысшының жазбаша өтініші негізінде бөлініп пайдаланылуы мүмкін.

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс кезінде жұмысшының орны (қызметі) сақталады.

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты, егер басқа жағдай Қазақстан Республикасының заңында қарастырылмаса, еңбек өтіліне, мамандық бойынша еңбек өтіліне есептеледі.

Демалыс уақыты деп жұмыскердiң жұмыстан тыс, өз еркi бойынша пайдаланатын уақытын, яғни жұмыскердiң еңбек мiндеттерiн атқарудан бос уақытын айтамыз.

Сан жағынан алып қарағанда, белгiлi бiр кезең шеңберiндегi календарлық уақыт пен жұмыс уақытының арасындағы айырмасы, яғни жұмыс уақытынан кейiн жұмыстан тыс »бос» уақыт қалады. Оны жұмыскер өз қалауы бойынша пайдалануға ерiктi.

Демалыс уақытының атқаратын негiзгi әлеуметтiк, тұрмыстық »қызметi» жұмыстан кейiн демалып тынығу арқылы адам өзiнiң жұмыс iстеу қабiлетiн қалпына келтiру керк. Мұны саяси экономия тiлiнде жұмыс күшiн қайта құру, қайта өндiру (воспройзводство рабочей силы) деп атайды.

Адам әр түрлi жұмыспен – ақыл-ой жұмысымен, дене, қол-күшi жұмысымен айналысады. Бiрiншiсi – қоғамдық пайдалы, екiншiсi – қоғамдық — өндiрмелi жұмыс деп аталады. Олардан кейiн кiсi шаршайды, болдырады. Сөйтеп демалу, тынығу арқылы адам өзiнiң жұмыс қабылетiн қалпына келтiредi. Ол үшiн әрине уақыт керек. Денешынықтыру, спортпен айналысу керек, денсаулығын күтiп, оны нығайту керек. Адам өмiрiне, тiршiлiгiне қажеттi көптеген сан-алуан мұқтаждықтар мен мүдделер бар. Мәселен, адам рухани байып, дами түсуi керек. Ол үшiн оқу керек, бiлiм алуы керек. Осылардың бәрiне уақыт керек. Демек, өмiр дегеннiң өзi, дүниенiң бәрi уақытпен байланысты, оның қажеттi ұзақтығы заңмен белгiленедi. Сол арқылы демалыс уақыты да белгiленедi. Ол – жұмыстан тыс уақыт. Ол жұмыс уақытынан едәуiр көп, оның неғұрлым көп болғаны дұрыс та. Жұмыс пен демалыс – егiз. Жұмыс iстесең демаласың. Жұмыс iстеп, орындалған игiлiк ниетпен тынығасың. Халық айтса қалт айтпайды. »Қалай тынықсаң, солай жұмыс iстейсiң», »титықтап шаршамасаң, тыныстап та жарытпайсың», — деген халық. »Дем алу үшiн алдымен еңбек етiп ал», — деп »киiз кiтапта» жазылыпты. Осының бәрi жұмыс уақыты мен бос уақыттың бiрлiгi мен байланысын айтып тұр. Үлкен кiсi айтыпты: »Бос уақыт қоғам ырысы», — деп. Өйткенi, бос уақыт  босқа кетпейдi, ол қоғам байлығын арттыруға, адамдардың рухани дами тұсуiне пайдаланылады. Демек, Жұмыскердiң бос уақытының мол болғаны бәрiмiзге де пайда – адамға да, жанұя, семья үшiн де, қоғам үшiн мемлекет және әлем үшiн де пайда.

с негізі мыналар: 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *