ЧАГОС — Үнді мұхитындағы архипелаг. 1814 жылдан Ұлыбританияға қарайды. Ауданы 110 км2(кейбір деректер бойынша 195 км2). Кеңкөлемдөгі су асты платформасы үстінде жатқан 5 маржанды атолл топтарынан тұрады. Бұлардың ішіндегі ең ірісі — табиғи қойнауы бар Диего-Гарсиа атоллы. Халқы 30 мың (1970), негізінен кокос пальмасын өсіру және балық аулаумен шұғылданады. Шетке копра, кокос майын, тасбақа сауытын шығарады. Ч. Дарвин 1836 жылы «Бигл» кемесімен саяхаты кезінде толық зерттеген.