Кәдімгі сұр трпырақта азот бөліп , олар өлі ағзалар және тірі ағзалар амалдары белоктарынан пайда болып, жалпы азоттың 93-97% миниралды есептеледі. Миниралды азот түрі негізінде нитратты және амиакты тұздар, сұр топырақ ерекшеліктері берілген азот тыңайтқышы нитратты түрге дейін өзгеріп барады. Механикалық құрамы біріңғай және ажырамайтын орташа балшықты, оның физикалық құрамы айдалатын қабатында топырақ ылғалы түйіршігі 46%, айдалмаған қабатта 48%-ті құрайды.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңыр босты-әр түрлі шөпті және жусанды-эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық (Agropyron repens), жима тарғақ (Dactylis glomerata), еркекшөп (Agropyron desertorum), тарлау (Elumis gigantens), шалғынды қоңырбас (Poa pzatensis), шалғындық атқонақ (Phleum pratense), қамыс құрақ (Phragmites communis). Көктем мезгілінде эфемерлер (Poa bubbosa) кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы эәне күздік жайылымға пайдаланылып, өнімділігі гектарына орта 7ц. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыққа пайдаланады, орташа өнімділігі 15ц/га.
Тәжірибе алаңының қоңыр-сұр топырағы лесс түрдегі сазбалшықты 3-ші және 4-ші шөгінділерден қалыптасып, толық дамыған профиль құрайды. Генетикалық горизонттардың толық сипаттамасы топырақ кесіндісінің сипаттамасында келтірілді. Мәдени жағдайы – егістік, алғы дақылы – жаздық бидай.Топырағы – карбонатты жоғарғы қабатынан қайнайды.
Морфологиялық сипаттамадан байқағанымыздай, тәжірибе алаңының топырағы жақсы дамыған профильді, қара шірікті горизонты құрылымды, тығыздау, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге толық қолайлы. Ашық-қоңыр түсті, саз балшықты, жаңа, бос,түйірлі-шаңды, ұсақ тамырлар, тығыздылығы және түсі бойынша бір қалыпты ысады. Сұрғылт түсті, саз балшықты, тығыз, жаңа, Түірлі құрылымды, тамырлар аз, қайнауы. Орташа, ауысуы түс бойынша байқалабы. Ақшылт-сұр, саз балшықты, тығыз жаңа, қайнауы жылдам, карбонаттары дақ тәріздес, ауысу түсі бойынша байқалады. Құба түсті, құмбалшықты, құрылымсыз, карбонаты дақ тәріздес, 130 см төмен ылғалды темір тотығының дағы байқалады. қара қоңыр-сұр, ылғалды, түйірлі, төменгі жағы.Тығыздалған, ауыр саз балшықты, карбонатты, ауысу бояуы бойынша анық байқалады. Сұрғылт-қоңырлау, түйірлі-дәнді берік емес,карбонатты, ауыр сазды. Ауысуы бір қалыпты. Сарғыш-қоңыр сүр, әлсіз тығыздалған, карбонатты, ауыр сазды, берік емес түйірлі. ауысуы анық байқалады. сұр-күлгін, тығыздау, корбанатты, ауырсазды, кесекті-ұсақ түйірлі. Ауысуы айқын. Қоңыр-күлгін, татты дақты, карбонатты, берік Еемес, кесекті—түйірлі майда тастар кездеседі.
Тәжірибе алаңы қоңыр-сұр топырағы төмендегідей 0-40 см қабаты қара шірік мазмұны 4,1%; азот – 0,216, фосфор – 0,191%, калий 2,0%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мг/кг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700мг/кг) және азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген.
Оқу-тәжірибе шаруашылығының гидрологиялық жүйесі ашық су мөлшері мен бұлақтардан тұрады. Ашық су көздері – Ақсу өзені. Ыза сулары минералданған, құрамы карбонатты-кальцийлі және сульфатты-натрийлі. Жерлерде ыза сулары 1,4 м тереңдікте жатқандықтан шаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға болады. Станцияда өнімділігі 15-20 д/сек су беретін бірнеше су құбырлары бар.
Тәжірибелік алаңнын климаттық сипатын анықтауда аудан орталығының (Тассай) гидрометеорологиялық станция деректерін пайдаландық. “Тассай” метеорологиялық станциясының деректері бойынша жылдық орташа температура +7,7оС, ең жылы ай шілдеде + 21,3оС. Зерттеу жүргізілген жылдары орташа жылдық температура 9,5оС құрады. Қаңтар айының температурасы зерттеу жүргізілген жылдары орташа онжылдық көрсеткіштен 2,0оС жоғары болғанын байкалады. Ең жылы аймағының температурасы да орташа көпжылдық көрсеткіштен 2,3оС жылырақ болғанын 1-кестеден көруге болады.
Жалпы зерттеу жургізілген жылдар температурасын орташа көпжылдык көрсеткіштермен салыстыра отыра байқағанымыз тәжірибе жургізілген жылдардың орташа температурасы көпжылдықпен салыстырғанда жылырақ болды.
1-ші кесте — Тәжірибе жайынын метеорологиялық ауа-райы
Айлар |
10 күндік |
Т0С |
R, мм |
F, % |
Норма |
|
R, мм |
t0 |
|||||
Қаңтар
Орташа |
І ІІ ІІІ
|
-4,6 -1,8 4,3 -0,5 |
31,1 20,7
51,8 |
64 73 54 63 |
20 20 20 60 |
-2,4 -2,6 -2,7 -2,6 |
Ақпан
Орташа |
І ІІ ІІІ
|
7,1 2,9 -0,1 3,6 |
23,1 12,5 60,7 96,3 |
73 80 75 76 |
21 21 21 63 |
-1,7 -0,4 1,1 -0,2 |
Наурыз
Орташа |
І ІІ ІІІ
|
2,5 8,1 9,0 6,6 |
9,7 7,0 55,8 72,5 |
62 61 76 67 |
29 29 29 87 |
2,8 5,4 8,0 5,4 |
Сәуір
Орташа |
І ІІ ІІІ
|
12,1 19,0 17,2 16,0 |
51,6 23,9 8,6 84,1 |
72 69 72 71 |
26 26 26 78 |
10,6 12,8 15,0 12,8 |
Мамыр
Орташа |
І ІІ ІІІ
|
17,9 17,7 22,2 19,4 |
8,7 35,8 0,0 44,5 |
63 67 47 59 |
14 14 14 42 |
17,0 18,8 20,3 18,7 |
Маусым
Орташа |
І ІІ ІІІ
|
22,9 24,5 27,3 25,0 |
2,4 2,6
5,1 |
46 39 37 40 |
6 6 5 17 |
21,9 23,2 24,5 23,2 |
Шілде
Орташа |
І ІІ ІІІ
|
27,0 27,4 26,1 26,8 |
0,1 1,3 0,0 1,4 |
39 39 35 38 |
2 4 3 9 |
25,7 26,1 25,9 26,0 |
Тамыз
Орташа
|
І ІІ ІІІ
|
27,3 24,5 26,6 26,1 |
1,1
1,0 |
37 31 27 32 |
1 2 1 4 |
25,9 24,6 23,0 24,5 |
Қыркүйек
Орташа |
І ІІ ІІІ |
25,5 |
|
29 |
2 |
21,1 |
Зерттеулер жүргізілген жылдардағы жауын-шашынның жылдық мөлшерде көпжылдықпен салыстырғанда көбірек түскенін байқауға болады. Орташа көпжылдық деректер бойынша жылына 263 мм мөлшерінде ылғал түскен. Бұл көрсеткіштер көпжылдықпен салыстырғанда 26-50% артық. Жауын-шашын мөлшерінің маусымы бойынша бөліну қатынасына талдау жасасақ, барлық ылғалдың жартысына жуығы көктем аиының үлесіне тиеді екен. Көпжылдық жаңбырдын молшеры маусым бойынша төмендегідей бөлінді: қыста – 15,5%, көктемде – 42,3%, жазда – 21,4%, ал күзде — 21,8%.
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы көрсеткендей, оңаша айлық температуа қаңтарда +3,9о, шілдеде 27,5о-ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48% ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша –наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жаусада өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын –шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Шаруашылыктың топырағы типтік кәдімгі сұр топырақ және суармалы болып есептеледі. Тығыз қалдық мөлшері 0,090% профил бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды. Жалпы сілтілік (HCO3) – 0,047%. Хлор – ионның мазмұны төмен және 100 г топырақта 0,11мг/экв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жрғары қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа құрылым 45 см, ал 130 см – темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топырағының профилі созылып жатыр және түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ байқалады. Осы топырақтың механикалық құрамы ауыр және жеңіл саздақтыга жатады. Кәдімгі сұрғылт топырақ құрамындағы гумус мөлшері 1,86-0,91% аралығында. Профилі төмендеген сайын бірқалыпты азаяды: сол себепті қоңыр түсті тереңге бойлайды. Тексерілген жердің топырағы карбонатты. Карбонаттың көпшілігі 70-80 см тереңдікте байқалады. Топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мг/кг), ауыспалы калиймен (514-1036 мг/кг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бұл жерлерге азот және калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, әсіресе қытайбұршақ дақылы үшін (2-кесте).
Сонымен, шалғынды-қоңыр топырақтың морфогенетикалық сипатынан байқағанымыз, қытайцбұршақ дақылын өсіруге жарамды. Себебі, орташа гумусты сазды емес, тұзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығыздылығымен (1,27-1,33г/см3) және кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.
Дақылға қатысты қалыпты өсуі және дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар.
2-ші кесте – Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері
Горизонттар (қабат см) |
Көлемдік салмақ, г/см3 |
Жалпы кеуектілік, % |
Топырақтың агрегаттық құрамы |
||
10-0,25мм агрегаттар (%) |
құрылғы коэффициенті |
суға төзімді агрегаттар жиынтығы, % |
|||
0-10 |
1,27 |
51,2 |
76,6 |
3,2 |
34,2 |
10-20 |
1,33 |
48,8 |
73,5 |
2,7 |
30,8 |
20-30 |
1,40 |
46,1 |
68,2 |
2,4 |
29,5 |
30-40 |
1,48 |
44,6 |
62,9 |
1,5 |
29,3 |
0-40 |
1,37 |
47,3 |
70,4 |
2,7 |
30,9 |
Өте тығыз топырақ өсімдік тамырынын дамуыңа кері әсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуде қосымша шығын кетеді. Өте тығыз топырақта өсімдіктің өсуіне қолайсыз жағдай туады, себебі аэрация үшін кеуектілігі жеткіліксіз. Тығыз топырақ суды нашар немесе мүлде өткізбейді. Топырақтың бетіндегі су сіңбейді және ағып кетеді, соның кесірінен эрозия процесі басталады.
2-кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40см қабаттың орташа тығыздылығы – 1,37 г/см3 құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің және агрегаттар құрылымының орналасуына байланысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 г/см3 құрады.
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұнын 41,8-50,0% құрайды.
Бұзылмаған топырақ қабатындағы жалпы кеуектілік топырақ қасиеттерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, ол негізінен су және ауа режимдерімен сипатталады. Топырақ қабатының орналасу тереңдігіне байланысты кеуектілігі 44,6-51,2% арасында ауытқыды. Н. А. Качинскийдің [64] шкаласына сүйеніп, топырақтың жоғарғы қабатының кеуектілігі – қанағаттандырарлық, ал 20-40см қабатының кеуектілігі қанағаттандырғысыз.
Су және ауа режимдерінің оңтайлы жағдайлары ұсақ түйірлі және дәнді құрылымды топырақта жасалады. Қазіргі кезде топырақ құрылымын агрегаттардың мөлшеріне байланысты 3 топқа бөледі: түйірлі (агрегаттары > 10мм); макроқұрылымды (агрегаттары – 10-0,25мм); микроқұрылымды (агрегаттары < 0,25мм). Костычев П.А. [65] ұсынысы бойынша, топырақ құрылымын суға берік (агрономиялық бағалы) және берік емес деп сыныптаған.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық құрамы және суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады. Топы-рақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.
Зерттеу жүргізілген жылдардың, климат жағдайын көпжылдық көрсеткішпен салыстыра келе төмендегідей тұжырымға келеміз: оңтүстік өңірінің сұр топыракты тәлімдік аймагының ауа-райы жағдайында қытайбұршақ дақылының өнімділік денгейін жоғарылатуға толық мүмкіндік бар.
2.2 Зерттеудің бағдарламасы және әдістемелері
Тәжірибе Сайрам ауданы Тассай елдімекені тәжірибе шаруашылығында 2014-2016жж. жүргізілді. Қытайбұршақ дақылының өсіру технологиясын жасауда, оның негізгі буындары себілу мерзімі, тәсілі және мөлшерін нақтылы топырақ-климат жағдайында зерттеудің маңыздылығы бар. Осыған орай, дақыл технологиясының негізгі буындары республиканың оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде егістік тәжірибе қою арқылы зерттелді.
Егістік тәжірибе «Тассай» оқу-тәжірибе станциясы байтағында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде қытайбұршақтың отандық және шетелдік селекциясындағы сорттар алынды. Тәжірибеге алынған сорттар жоғары өнімді, тұқымшасында 31,6% май болады, ал ядросында – 59,1%, қауыздылығы – 45,6%. Өсімдік биіктігі – 80-90см. Корзинкасы дөңгелек диаметрі 30-35мм, бір өсімдіктегі саны 7-8 дана, тұқымшасы ақ түсті, ұзынша, 1000 тұқымша салмағы 44,3г (3-кесте).
Егістік тәжірибедегі жүргізілген байқаулар, есептеулер және талдаулар әдістемелері.
1. Мақсары дақылының өсіп-даму дәуіріне фенологиялық байқаулар негізгі өсу сатыларында жалпы қабылданған әдістемемен жүргізілді.
2. Егістік өнгіштік және есімдік жиілігі варианттар бойынша 1м2 тұрақты алаңшадан 3 жерден және екі қайталымнан анықталады.
3. Егістіктің арамшөптермен ластануын вегетация кезеңінде 3 рет (көктеу, гүлдену және өнімді жинау алдында) екі қайталымнан анықталды. Арамшөптер түрлері, саны және тығыздылығы әрбір варианттардан есептелді.
4. Топырақ ылғалдылығы 0-100см тереңдіктен әрбір 10см сайын (себер және жинау алдында) екі қайталымнан анықтадық.
5. Топырақ қабатындағы азоттың қозғалғыш формасын (нитрат) және фосфор қышқылын, жылжымалы калий мөлшерін 2 рет – себер алдында және жинау алдында әртүрлі тереңдіктен топырақ үлгісін алу және оны лабораторияда талдау арқылы анықталды.
6. Өсімдіктің биіктігі динамикасы негізгі фенологиялық сатыларда әрбір варианттың екі қайталымынан 30 дана өсімдіктерді өлшеу арқылы белгіленді.
7. Жалпы бұтақтану және генеративтік сабақтар санын белгіленген алаңшалардан шанақтану және гүлдені-пісу сатыларында есептеледі.
8. Өсімдіктегі тостағанша санын әрбір мөлдектегі 25 өсімдіктен гүлдену сатысында анықталды.
3-ші кесте – Егістік тәжірибе варианты
Варианты |
Қатараралық ені, см |
Себілу мөлшері, мың дана/га |
1 |
15 |
100 |
200 |
||
300 бақылау |
||
400 |
||
2 |
30 |
100 |
200 |
||
300 |
||
400 |
||
3 |
45 |
100 |
200 |
||
300 |
||
400 |
||
4 |
60 |
100 |
200 |
||
300 |
||
400 |
||
5 |
75 |
100 |
200 |
||
300 |
||
400 |
||
6 |
90 |
100 |
200 |
||
300 |
||
400 |
9. Дақылдың тұқымша өнімділігін әрбір 3 ұзынша метрдегі тостағаншаларды 3 қайталымнан жинап және бастыру арқылы гектарға есептеледі.
10. Әрбір тостағаншадағы тұқымша саны және оның салмағы, 1000 дән массасы әрбір мөлдектен 100 өсімдіктің генеративтік органдарын талдау арқылы анықталды.
11. Агротехникалық шаралар Б.А. Доспехов [66] тәсілі бойынша жүргізілді.
13. Өсіру технологиясы элементтерінің тиімділігі жалпы қабылданған әдіспен есептелінеді.
Қытайбұршақтың отандық және шет елдік сорттарын зерттеу суармалы егіншілік жағдайында 6 танаптық малазықтық ауыспалы егісте жүргізілді.
Барлық тәлімі жерлердің санақ алаңы 25м2, 4 реттік қайталануымен алынды.
Зерттеу зерзаты ретінде қытай бұршақтың генотиптері: Қазақстандық 2309, Жансая, Болашақ, Sponsor (Сербия), GM (Канада), ал стандарт болып табылатын сорт ретінде Эврика сорты алынды.
4-ші кесте – Тәлімбақтағы кологиялық сортсынақ бойынша жүргізілетін жұмыс көлемі
Селекция |
Сорт атауы |
Қайталану саны |
Бөлінген жер телімі саны
|
Бөлінген жер телімінің мөлшері, м2 |
|
ҚазАжӨШҒЗИ |
Эврика стандарт |
4 |
4 |
25 |
|
Канада |
GM |
4 |
4 |
25 |
|
Сербия |
Sponsor |
4 |
4 |
25 |
|
ҚазАжӨШҒЗИ |
Болашақ |
4 |
4 |
25 |
|
ҚазАжӨШҒЗИ |
Жансая |
4 |
4 |
25 |
|
ҚазАжӨШҒЗИ |
Қазақстандық 2309 |
4 |
4 |
25 |
Пайдаланылған жер өңдеу агротехникасы – Оңтүстік Қазақстан облысына ұсынылатын.
Тәжірибелер сүдігер жыртылған жерде жүргізілді.
Ерте көктемде ылғалдылықты жабу мақсатында екі жолақты сүдігер тырмаланды. Азоттық тыңайтқыштар пайдаланылған жоқ.
Қытай бұршақтың сеппес бұрын жердегі арамшөптерді жою және топырақты қопсыту мақсатында екі культивация жүргізілді: біріншісі 10-12 см тереңдікте, екіншісі –тұқымдарды өңдеу тереңдігі 8-10 см-де, соңынан тырмаланды.
Тәжірибе отырғызу үшін барлық тұқымдар себілмес бұрын ТМТД 80% улағышпен өңделді.
Қытай бұршақтың отандық және шет елдік селекциясын егу оптимальді кезеңде жүргізілді, яғни 10-120С дейін қыздырылған топырақта сәуір айының ІІІ (25 сәуір) декадасында.
Негізін қалаушы – күздік бидай.
Егу тәсілі – жүйек аралығы 70 см-мен үзік-үзік сызықты.
Қалыңдығы әр гектарға 600 мың өсімдік.
Топырақты өңдеу екі жүйекаралықпен жүргізілді, біріншісі – бір мезгілде қатар атыздарды кесу.
Топырақтың ылғалдылығын 75% деңгейінде ұстап тұру үшін үзілмелі суды 500-600 м3/га нормасында атыздар арқылы 6 вегетациялық суарылды, жердің қатты қабатын суландыру 0,5 м тереңдікте жүргізілді.
Фенологиялық бақылаулар: есептеулер дамудың негізгі фазалары – өніп шығуы, үш жапырақты сатысы, бүрленуі, гүлдеуі, бұршақтарының пайда болуы, бұршақтарының толысуы, пісуі бойынша есепке алынды.
Бақылаулар мен тіркеулер жүргізілді:
Өсімдіктің биіктігі, см – топырақтың үстіңгі қабатынан бастап ұшына дейін сабақтың ұзындығы.
Бұтаның құрылысы: ш – кең, к – шырағдан тәрізді, п – жартылай қысылған, с – қысылған, о – шектеулі бұтақталған, в – жоғары бұтақтылық.
Өнімді түйіндердің саны – бұршақтардың пісіп-жетілуіне әсер ететін түйіндер саны.
Өсімдіктегі бұршақтар саны.
Жатып қалуы, балл: 1 – жоқ, 2 – сабақтың жоғарғы бөлігінде, 3 – сабақтың ортасынан бастап, 4 – түбінен бастап.
Топырақ бетінен 15 см төменде орналасқан бұршақтар үлесі, %. Бұл сипаттама комбайн салған кезде өнімнің шығынын әділ бағалауға мүмкіншілік береді.
Қытай бұршақтың тұқымдарын жинау ьұршақтарының 90% піскен кезінде қолмен жиналады.
Қытай бұршақтың тұқымдарының құрылымдық сарапталуы Н.И. Корсакова, Р.Х. Макашева, О.А. Адамовтың әдістемелері бойынша жүргізілді.
1000 тұқымның салмағы, г – 13% ылғалдылықта өлшенеді.
Потенциалды өнімділігі – әрбір өсімдіктің тұқым салмағына (г) қатынасы бойынша есептелінді.
Агротехникалық іс-шаралар кешенін дайындағанда қытайбұршақтың мына биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Жарыққа талабы. Қытайбұршақ – күннің узақтығына өте жайлы өсімдік. Солтүстік экологиялық түрлерін қоспағанда. Дақыл кейбір жетілу кезеңдерінде аз уақытты қажет етеді. Егістіктердің ұзақ күнді солтүстікке орналасуы, өсімдіктің өсіп өну массасының жетілуіне ықпал етіп, өсу мен дамуы ұлғаяды. Қытайбуршақ күн сәулесінің сапалы күрамына сезімтал. Спекторларының ұзын толқынды қызыл сәулелері кейбір жетілу кезеңцерінің басталуына кедергі, ал қысқа толқынды оны жеделдетеді. Өйткені дақыл жарық сүйгіш дақыл болғандықтан өсімдіктің өте жиілігін қаламайды. Егер өсімдіктер жиі болса төменгі бұталарына жарық түсуіне кедергі жасайды. Ол жапырақтардың мезгілсіз қарақошқылданып, түсуіне әкеледі және өсімдік бұршақтың саның аз салады.
Жылылыққа талабы. Қытайбұршақтың түқымы 6-7 градус температурада өсіп, ал өнуі сирек әрі біртегіс емес болады. Дақылдын өнуі кейде тіпті қысқа мерзімді, ал қалыптасқан топырак қабатынын температурасы 12градус болса олар 11-12 күнде, 14-16 градуста 7-8 күнде, 18-20 градуста 6-7 күнде, 22-24 градуста 5-6 күнде пайда бола бастайды. Өсуімдіктін өсіп жетілуіне 21-24 градус қолайлы. Өсіп өну кезеңінің басталуында 37 градустан жоғары температуралар зиянды. Тез пісетін сорттардың қалыпты жетілуіне 1500-2000 градус, орташа мерзімде пісетіндерге 1600-2000 градус, кешірек мерзімде пісетіндерге 2000-3000 және жоғары градус қажет [67].
Ылғалдыққа талабы. Қытайбұршақ тұқымының өну кезеңі қолайсыз қиын-қыстау, өйткені олардың ісінуіне өз салмағынан 100-120 пайыз су қажет етеді. Өсімдік қалыптасқаннан кейін, өсуден ауытқымай және түсімді төмендетпей қысқа мерзімді қуаңшылыққа төзе алады. Гүлдену кезеңінде сояның ылғалға қажеттілігі күрт өседі, жетіспеушілік өсіп — өнуін тежейді, біркелкі гүлдемейді, гүлдері және бұршақтары түсіп, түсімі азаяды. Өсіп — өну кезеңінің басында және аяғында артық ылғал да түсімді төмендетеді. Осы кезеңде бір тәулікте қытабұршақтың бір өсімдігі 310-360 кг суды буландырады. Ал өнгеннен гүлдегенге дейін 115-170 г [68].
Топыраққа талабы. Қытайбұршақ топырақты талғамайды. Ол әртүрлі механикалық құрамды: қара топырақ, сарғылт және ақшыл — сары топырактарда жақсы өнеді. Қорек заттары жеткілікті әсіресе калий, фосфор және кальций, орташа тығыз топырақта жақсы нәтижелер береді. Оны сор, сортаң, өте қышқыл, құмды, батпақты және өте тығыз топырақтарға егуге болмайды [69].
Селекциясы және түқым шаруашылығы. Қазақстанда қытайбұршақпен селекциялық жұмыс 30-ы жылдары басталған. Селекциялық жұмыстардың барысында үлгілердің көп түрлері зерттелді. Қытайбұрашақ селекциясының тиімділігін жоғарлату үшін бастапқылық материалдық қоры және генетикалық әртүрлі будандастыруға әр түрлі тұқымдық негізді ата — аналық жұптарға көңіл бөлінді. Радиациялық және мутагенез кең қолданылды. Келесі іріктеу селекциялық мақсаттарға сәйкес гибридті және мутантты тектерден ерте ұрпақтардан іріктеу тәсілімен алынды. Нәтижесінде келешегі бар қытайбуршақтың жаңа сорттары алында. Қытабұршақтың тұқым шаруашылығы екі кезеңге бөлінеді: элитаны өндіру және элиталық тұқымды көбейту. ҒЗ мекемелері облыстық сынақ стансаларында, осы аймақта барлық аудандастырылған сорттардың элиталық түқымымен, қажетінше толығымен түқым шаруашылықтарын қамтамасыз етеді. ҒЗ мекемелерден алған сорттық түқымды көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етеді.