Жүргізілген тәжірибелер нәтижелері

Жүргізілген тәжірибелер нәтижелеріне сүйене отыра, қытайбұршақты бір жағынан отамалы дақыл есебінде қарауға болады, яғни қытайбұршақ егілген сон егістікте арамшөптер болмай, астықдақылды осімдіктерге жақсы алғыегіс бола алады, бірақ онда міндетті түрде арамшөптермен күрес жүргізілуі қажет. Екіншіден, арамшөптерден таза танаптарда оны жай қатараралыкпен себілетін дақыл есебінде қарастыруымыз керек. Көпшілік аудандардың тәлімі жерлерде мақсары дакылының оңтайлы себілуі қатараралық ені 60см және бір катардағы өсімдіктер арасы 21-25см болуы тиісті (әрбір шаршы метрде 8 дана өсімдік), ал Қазақстанның оңтүстігінің арамшөбі көп танаптарда мақсарыны 60 см қатар аралықпен, арақашықтығы бір-бірінен 10-15см, арамшөптерден таза танаптарда — жаппай жайқатар арқылоы себу ұсынылады.

Егісте оңтайлы өсімдік жиілігін белгілеу — өнімділікті жоғарылатудың нақты жолы болып отыр. Егіншілікте дұрыс себілу мөлшерін пайдаланғанда топырақ кабатындагы ылғалдылык пен қорекзаттарды тиімді пайдалануға және белгілі алаңнан алынатын өнім шығымын жоғарылатуға болады. Тиімді жолмен сепкенде әрдайым тұрақты көлем алынбайды. Ол топырақтың құнарлығымен, климат жағдайымен, егіншілік мәдениетінің деңгейіне, сорт және тұқым сапасына, себілу тәсілдеріне, мерзіміне, егістік өнгіштігіне және өсімдік сақталуына, түптену дәрежесіне және топырақтың арамшөптермен ластану  көрсеткіштеріне байланысты болады. Демек, егіс танабын өңдемей мақсары дақылын СЗС 2,1 дәнсепкішімен тіке себу тәсілі алғаш рет жүргізілуімен ерекшеленеді.

Себу мөлшері. Қытайбұршақ дакылдарының тұқымдарында ылғал аз болғандықтан сақтау қиынға соқпайды. Дегенмен де, себу мөлшерін белгілегенде бұл факторларға үлкен мән беріледі, әсіресе мақсары үшін себілу мөлшері бойынша заңдылықтарды анықтауға блмайды. Себу мөлшерін белгілеуде агрономиялық ой-санада топырақ құнарлығымен байланыстылығы жөнінен біркелкі пікірлер жоқ. Кейбіреулердің есептеуінше құнарлы топырақтағы себілуін арттыру қажет, ал басқалары, керісінше құнарсыз топырақта себу мөлшерін арттыру керектігін айтады.

А. Абдрахманов, А. Ариповалардың [60] тәжірибелерінде, Алматы облысының тау бөктерінде қытайбұршақ дақылын өсіруде себілетіән мөлшеріне, жүйек аралығына зерттеу жүргізіп экономикалық тиімді әдісін анықтады. Нәтижесінде ең тиімді жүйек аралығы 30 см, себу мөлшері гектарына 7,5кг-да болған. Құнарлығы төмен топырақты жерлерде дақылды аз мөлшермен себу өсімдіктердің жалпы жапырақ аумағының аз қалыптасуына әкеліп соғады. Соның әсерінен өнімділік төмендеп, құнарсыз топырақта жиі себілген. Неғұрлым топырақ жағдайы жақсы болса, онда дақыл сирек себілу керек. Зерттеушілер арасында үшінші пікір қалыптасқан, яғни дақылдың себілу мөлшері топырақ құнарлығына байланысты емес, сондықтан барлық агрофонда ұқсас болады.

Р.М.Медеубаев, М.Н.Жамалбеков, Б.Ж.Тагаевтардың [46] тәжірибе-лерінде қытайбұршақ егілу уақыты желтоқсан-наурыз айларының І-ІІ жартысында, егілу мөлшері гектарына 300-400 мың дәнді құрайтын, жоңышқа, топырақты аудару, қара сүрі танаптан кейін күздік бидай дақылдары алғыдақыл ретінде алынып, қытайбұршақтың даму кезеңдеріне себілуне және метеорологиялық жағдайларына тәуелді болады, қыста егілген дақылдардың өскіндері наурыздың бас кезінде байқалған. Дегенмен егу мерзіміне қарай дақылдың даму кезеңдерінде айтарлықтай айырмашылық байқалмай жинау мезгіл аралығы 5-12 күн құрап, бұл дақылдың бірдей уақытта пісіп жетілгендігін байқатады.

Әдебиеттер көздерінде көрсетілген қытайбұршақтың ең төменгі себілу мөлшері кең қатармен, ал жоғарғы мөлшері жаппай жай қатараралықпен себілгенде болады. Бірақ өкінішке орай, авторлар оңтайлы өнгіш тұқым саны мен 1га-ға себілеттін тұкым санының себілу тәсілімен байланыстылығын айтпайды.

Бұл жерде көрсетуге болады, себу мөлшерін таңдаудың көптеген тәсілдері кездеседі, олар көлеммен, салмақпен және сан бірлігімен анықталады. Бірқатар дакылдардың себумөлшерін санмен белгілеу қабылданған, оның негізіне өнімді жинау алдындағы қатардағы оңтайлы өсімдіктер жиілігі немесе сабақтар тығыздылығы алынған. Ал, себілу мөлшерін салмақпен анықтау, агрономиялық талапқа сәйкес келмейді. Оның мәні ірі тұқымды сорттар, ұсақ тұқымдыға қарағанда қолайсыз жағдайға тап болады. Ірі тұқыммен сепкенде тұқым жетпей қалуы мүмкін, ал ұсақ тұқыммен сепкенде  көп себіледі, олардың кесірінен өнім аз жиналады.

А. Арипова, С.Н. Прянишниковтердің [61] мәліметтерінде қытайбұршақтың себілген мөлшерін арттыру азықтық салмағының артуына әкеледі, бірақ дән өнімділігі төмендейді. Егер дақылды егуде жүйек аралығын ұлғайтудан тұқым өнімділігі артып, биологиялық өнімділік төмендейді. Мұнда себілген тұқым мөлшерін арттырып және жүйек аралығын қысқартудан бір шаршы алаңда өсімдік саны артып өнім түзетін тостағанша сандары азаяды, нәтижесінде дән майдаланады. Қытайбұршақ дақылының өнім құрылымы онын әдістеріне, егу мөлшеріне тікелей байланысты екені дәлелденген. Қытайбұршақтың жақсы бұтақтануын ескеріп, арақашықтығы 30-50см-дей етіп егу қажет. Кең қатармен гектарына 10-12кг сепкенде, егер қатардың аралық енділігі 60-70см-ді құраса, онда оңтайлы себілуі гектарына 10кг-ды құрайды. Қытайбуршақты көктемде сепкенде бір гектарға есептегеннде 5-8кг, ал қыстың алдында 8-12кг себу керектігін ұсынады.

Қытайбұршақ жай қатарлы сепкіштермен, енділігі 60см, гектарына 8кг себілу керек. Тұқымның шаруашылық жарамдылығы 90% құрауы тиіс. Осындай тәсілмен сепкенде өсімдіктің тиімділігі қоректік алаңда 60×12; 60×15 см болады. Кытайбұршақ өсімдігін 45см қатараралықпен себуді ұсынғапн ғалымдар әр гектарына 8-16кг аралығында шашуды ұсынады. Өз тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, еліміздің оңтүстік шығыс аймағында жүргізілген зерттеулерде, максары дақылын малдың азығын дайнывдауға өсірілетін қытайбұршақтың катараралығы 46-60см, гектарына 8-10кг тұқым сепкен дұқрыс деп есептейді. Оңтүстік Қазақстан жағдайында Г.И.Картич [58] зерттеулерінде тәллімі егістікте мәдени дакылдарды міндетті түрде күн жылынған кезеңде (қыстың қантар, ақпан айларында) түгел қатараралығы гектарына 20-22кг-да себу қажет деп санайды.

Әдебиетке шолуды қорыта келе жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, қытайбұршақ дақылын өсіруде өсімдіктің биологияллык ерекшеліктеріне, оның ботаникалық құрылымна назар аудара отырып, топырақты өңдемей дақылды тіке себудің агротехнологиялық жүйесін жасақтау қажет екенін байқатады. Өмір талабына қарай нарықтық қатынас жағдайында еліміздің егіншілік жүйессін жоғарылату, яғни ғылыми негізде дәлелденген ауыспалы егісті енгізе отырып егістік алқаптағы арамшөптермен күресу дәрежесіне қарай гербицидтерді қолдану ұтымды агротехнологиялық шара болып табылады. Демек, еліміздің оңтүстік өңірнде топырақты өңдемей тікесеуіп өсірудің агротехникалық үлгісін жасақтаудың маңыздылығы жғары деп санаймыз.

 

 

2  ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

 

2.1 Қытайбұршақ өсіретін аймақтың табиғи-климаттық жағдайы

 

Оңтүстік Қазақстан обылысы Қазақстанның Оңтүстігінде Сырдария өзені бойына және Қызылқұм, шөлі, Шығысқа қарай Тянь – Шань тау аймағы және мырза шөл Өзбекстан мен шекараланған, Шығыста Жамбыл ауданы Батыста Қызылорда обылыстарымен  шекараланған топырағы кәдімгі жер топырақ көпшілігі жере сортаң келеді. Тәжәрибе жүргізілген ауданнын топырағы сұр топырақ. Климат жағдаиы біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың жақсы кемшілігімен ерекшеленеді, мұның өз тәлімі егіншілікті өркендетуге жағдай жасайды. Шілдедегі темперарура әдетте 32-33оС жылылықтан, сол қаңтар температурасы 5-6оС аспайды. 0оС жоғары температурадағы жылы кезенінде оң температуралардың қосындысы-көптеген аудандарда 2400-3400оС, ал шығыс аудандарда 2000-2400 градус.

Аймактың төменгі шекарасында ауаның температурасы  10оС жоғары сәуірдің екінші онкүндігінде басталып, қазанның бірінші онкүндігінде аякталад. 10оС жоғары орташа тәуліктік оң температуралардың қосындысы 2000-3000оС тең. Аймақтың жоғары шекарасында оң температуралардың қосындысы 2000оС дейін, ал 10оС жоғары кезеңінде 1400-1500 градусқа дейін кемиді. Аязсыз кезең төменгі шекарада 6айға, жоғары шекарада 3 айға дейін қысқарады.

Аймақта орташа есеппен жылына 350-620мм ылғал түседі. Қаржамылғысы желтоқсанның басында түсіп, 3 ай одан да мол мерзімде жатады. Қар қалыңдығы 35-40 см жетеді.

Аймақтың табиғи өсімдіктеріне: боз жусан, жабайы шетен, сары беде және бетегелі түрлі өсімдіктер жатады.

Топырақ жамылғысы: шалғынды шөптес өсімдіктер – қоңыр және кәдімгі сүр топырақ.

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аймағы климатының айрықша ерекшеліктері – күнсаулесі мен жылукорының молшылығы. Жалпы мұндағы жыл маусымдары климатының сипаттамасы туралы деректер жетерлік.

Сондықтан бұл жұмыста зерттеу жүргізген жылдардың ауа райының ерекшеліктерін Шымкент қаласындағы теңіз деңгейінен 552 м. биіктікте жатқан «Шымкент» ауа райын бақылау бекеттерінің мәліметтеріне, сондай-ақ өз бақылауымызға сүйене отырып, келтірдік. Жауын-шашынның мол түсетін кезеңі қараша, мамыр айлары. Маусым айында жаңбыр күрт азайып, шілде мен қыркүйек айларында мүлдем болмайды десек те болады.

Жылдың жауынның молшері ақпанда -89,4 мл, минимальді – тамызда -0,8 мм. Жазда күннын ыстық болуынан егістікті қолмен суғарып тұру керек.   Зерттеу жылдары алынған мәліметтерден жоғарыда аталып өткен ерекшеліктер жалпы сақталғанын байқаймыз. Дегенмен кейбір жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштерден ауытқып отырғанын атап өткен жөн.

2014 жылдың бірінші жартысында келтірілген мәліметтерден қаңтар айының өте суық, ал ақпан айы керісінше жылы болғанын байқаймыз. Шымкент жағдайында көктемнің бірінші айы жауынды, ал соңғы екі айы төмен болып, маусымның соңғы екі күнінде жаңбыр жауып, өсімдіктердің өсуіне оң әсер етті. Осы өңірдегі келтірілген 7 айдағы түскен жаңбырдын орта көрсеткіші 70,7мм қурады.

Тәжірибеде жүргізген жерлердің топырағы алуан түрлі, жер деңгейі теңіз бетінен биіктеген сайын топырақтың айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді. Топырақ жамылғысы туралы деректер бірқатар еңбектерде сипатталған [62, 63]. Осы еңбектерге сәйкес тәжірибе жайының топырағы сұр топырақ аймағына жатады. Мұнда жауын құртының тіршілігінің ізі төменгі 20-40 см қабаттарында жақсы байқалады. Сондықтан топырақ құрылымы түйіршектене бастайды. Жеңіл еритін тұздардың аз кездеседі. Басқа боз сұр топырақтармен салыстырғанда құнарлы келеді.  Топырақ құраушы жыныс болып саздақты және сазды аллю-виальды ариювиалды шөгінділер есептелінеді.

Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды болшектердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болды. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метірде жатады. Кәдімгі сұр топырақ  құрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөошері 0,08 ден 0,15%, кәдімгі сұр топырақ құрамында жалпы фосфор мөлшері 0,15% аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын керектік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сұр трпырақта жоғары қабатында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы ауданда да сортаң кездеседі. Және қарашірікке тапшы болуы оның биологиялық ағзаларға байлығы және түрлілігі. Олар өсімдік қалдықтарын шірігін одан әрі қарай жай окис түріне дейін алып барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *