1.3 Қытайбұршақтың өндірілуі мен таралуы
Қытайбұршақ (лат. Ghycine мах) — ірі бұршақ тұқымдас, шыққан жері Шығыс Азия. Қытай бұршақ гұкымдары, немесе ірі бүршақ тұқымдастары деп те аталады, біздің эрамызға дейін үшінші ғасырдан бері тамақ өнімі ретінде белгілі. Қытайбұршақты жаксы өнім ретінде айтуға толық себеп бар. Тұқым салмағының 40пайызын орта жоғары өсімдік ақуызы құрайды, ал қалған 48 -50 % — ті басқа, яғни малазықтық ретінде қолданылады.
Қытай бұршақ – ірі бұршақ тұқымдас мәдениетінде кеңінен тараған. ББҰ-ның мәліметіне қарағанда 80 жылдардың аяғында 52 млн га аймақта егілген.Соңғы 20жылдын ішінде сояның себілуі екі есе көлемінде өскен. Дүние жүзінде АҚШ , Бразилия , Аргентина мемлекеттерінде қытайбұршақтың сыртқа шығару жөнінен алдыңғы катарлы мемлеекеттер ретінде саналады. Қытайбұршақтын мәдениетіне арналған сұраныс жақсы дамуда. Қытай буршақтың ақуыз құрамындағы жоғары дәрежелі аминоқышқылдың азықтык шөптен және тамақ өндірісіндегі мақсаттың негізгілеріне кіреді. Ғылыми- зерттеушілер көзқарастарында қытайбұршак мәдениетінің көптеген түрлерін Жалпыресейлік ҒЗИ қытайбуршактың өсіп — өнуін зерттей отырып, ондаған жыларалығында дақылдың мәдениетінің жоғары болігін, сорттарының, кешенді механикаландырылуын, өндірістік экономикалық сұрақтарына тұжырымдар жасаған.
Қытайбұршақтын селекциясының жұмыстары мен оның дамуы ұзақ уақыттан бері Жалпыодақтық ҒЗИ май мәдениетімен B.C. Пустовайте атындағы және Украина топырақ ҒЗИ, Молдавия ғылыми-зерттеуші институты, Грузия мемлекетінде Ю.И. Ланаури, Зицкая жане Кировоград ауылшаруашылық тәжірбиелі стансаларында өз қызметтерін көрсетті. Орта Азия аймағында қытайбұршақты асылдандыру жұмысын Қазақстан топырақ ҒЗИ-ы жұмыстар жүргізді. Алматы облысынын Талғар ауданындағы 1980ж. Алматы кеңшарында егістік жерінде эрбір 440га -ден 25,4 центнер қытай бұршақ түқымын өндріді. Дақылды өсіруге кең тараған, Азия , Оңтүстік Европа, Орта және Оңтүстік Африка , Австралия, Тынық, Үнді мұхиттарынын жағалауында 55-60 экваторға дейінгі аймақтағы аралдарында өсіріледі.
Қолда өсіру және жерсіндірілуі. Қытайбұршақ ертедегі мәдени өсімдіктердің бірі ретінде біздің заманымызға дейін бес мың жылдай бұрын шыққан. Қытайбұршактың суреттерін тас қалыптарында, тасбақа сүйектерінде тапқан. Дакылдың шығу тарихында біздің эрамызға дейін 3-4 ғасырларда ескі Қытай эдебиеттерінде көрсетілген. Белгілі ертедегі қытай ғалымы Мин – Гиз мынадай деп жаазады: Қытайдың негізін қалаушы император ХА-Ди халыққа бес мәдени өсімдікті өсірсуді үйреткен: күріш, бидайық, чумиза, тары, қытайбұршақты. KCPO — дің үлкен бір егіншілік маман ретінде де В.Б.Епкеннің пікірінше, мәдени өсімдіктің шығу тариқына осыдан 6-7 мың жылдар көлемінде болған. Осы танабта Қытай аймағынан күріш пен чумиз өсімдіктерінің қалдықтары табылмағандықтан, атақты император Ха-Дйдің қытайбуршақтың шығуына берген уақытана басқа ғалымдар тарабынан күдікті ұсыныстар түсті. Атап өте келе, қытай зерттеушілерінің жұмысына қарап бұл дакылды Қытайда біздің эрамызға дейінгі 11 ғасырларда шыққан деген ұсыныс бар.
Келесі ел қытайбұршакты мәдениетке енгізу және тамақ өсімдігі ретінде статус алған елдің бірі – Корея. Қытай бұршак Жапония аралдарыңа біздің эрамызға дейінгі 400 — 500жылдан бұрын келді. Деректерге сүйенсек Жапонияға қытай бұршақ Корея мемлекетінен келсе, ескі Корей мемлекеті ұзақ уақытқа дейін Жапонияның аралдарында отарлаған. Ягни дакылдың таралуынын ұқсастығын толық растайды. Неміс табиғат зерттеушісі Э. Кемпфер 1961ж. Европа ғалымдарына қытай бұршақты анықтап берген соң белгілі болған. «Шығыс және қытайбұршакты суреттеу» деп аталатын 1712ж. шыққан кітабында «Amoentitatum Exoticarum Politico — Physico — Medicarum» қытайбұршақ өсімдігінің өсу тарихын толығымен анықтаған. Алғашқы мәрте дақылды АҚШ-та зерттеген. Айта келе. АҚШ — қа Азия мен Еуропадан әр түрлі сорттарының әкелінуі басталған.
Қиыр шығыстық белгілі селекционері Н.И. Вавилов [26] алғашқы мәрте KCPO — да қытайбұршақты ғылыми түрде селекциалауды, жабаиы және мәдени тұрлерін орыстын ғалымдарының зерттеуіне ұсынды. Мұнда алғашрет отандық саяхаттанушылар қөытайбұршақты Амур ағысының Маньчжұро — тунгус аймағында кездестірді. В. Поярковтың жазбасында Голландия мемлекетінде жарық көріп Кэмферд зерттеуінен 100ж. бұрын жазбасын қалдырған. Келесі ресейліктердің қытай бұршак мәдениетіне арналған көзқарастары Вена қаласында өткен Дүние жүзілік көрмеде 20 — дан аса кытайбұршақ түрлерін көрсетуде практика жүзінде іске асырылған.
Ресей Федерациясында алғаш қытайбұршақты 1877ж. Таврия және Херсони губерниасында өткен. Сондай-ақ 1912 — 1918 жж. арлығында амур –тәжірбиелі егістер аймағында да жүргізілген. Бұл тәжірбиені егістер 1917 – 1919 жж. өнім өспей жоғалуға әкеліп соқтырады. Тоқтамай жүргізілген сұрыптау нәтижесінде қытай бұршактын жаңа түрі «Амур сары қытайцбұршағы» отандық түрі өсірілді [27].
Селекция мамандарының пікірінше 1924-27жж. Ресей мемлекетінде қытайбұршақты жерсіндіру жылдары болды. Мұндағы Краснодар, Ставрополь аймағында, Ростов өңірлерінде кеңінен тарай бастаған.
1.4 Қытайбұршақ сорттары мен оның халық шаруашылығындағы маңыздылығы
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда Оңтүстік Казақстанның суармалы жер жағдайында қытайбұршақтың ортамерзімдік немесе кеш пісетін сұрыптары өнімді болады. Аудандастырылған қытайбұршақ сорттарының шаруашылық-құнды және биологиалык қасиеттеріне тоқталатын болсақ:
Гибридный 670. Бұл сортты ҚазЕжӨШҒЗИ (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зертеу интитуты) шығарған. Ортамерзімдік пісетін сорт. Даму кезеңінің үзақтығы 130-125 күн.
Дәні- ірі, 1000дән массасы 176-200г. Дән қүрамында 37,2-38 процент протийн бар. Төменгі бұршақ шанақшасының жер бетінен биіктігі -13-14см. Шанақша толық пісіп жетілгенде өздігінен екіге жарылмайды, ал бұтағы сынып, құламайды. Гектарына шаққандағы өнімнің шығымдылығы 35,6ц-ге дейін. Алматы не Жамбыл облыстарына аудандастырылған.
Казахстанская 200. Мүны да жоғарыда аталған ҒЗИ шығарған. Аталған сорт кештеу пісетіндерге жатқызылады. Өсу кезенінің ұзақтығы — 148 — 150 күн. Дәні — біршама үлкен. 1000 дәнінін салмагы – 145-165 г. Дән құрамдылығы қорытылатын протеин мөлшері — 37,2-38%. Өсімдік биіктігі — 149 — 151 см. Төменгі бұршақ шанақтарының орналасу биктігі 21см-ге деін. Шанақтары онша ажырасып кетпейді. Мол өнімді. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
ВНИИМК 9186. Бүкілодақтық майлы дакылдар ғылыми-зерттеу институты шығарған. Орта мерзімде піседі. Дәні — орташа , Ббрақ мол өнімді. Тек Жамбыл облысына аудандастырылған.
Высокостебельная 2. Бұл сортты Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді АШИ шығарған. Пісу мерзімі орта, өсу-дамуы — 127 -133 күн. Өсімдік сабағының биіктігі — 133 — 157 см. Сабағы тік жығылмайды. Жапырағы үлкен. Жасыл түсті. Төменгі бұршақ шарнақтарының орналасқандағы биіктігі 25 сантиметрге дейін. Дәні домалақ. Сары түсті. Мың дән массасы 210 г. Дән құрамында 41,4% гүлдену кезіндегі көк балаусасында — 19-20 процент дәнінің толысыу кезінде — 22 — 24 % протеин бар. Мол өнімді. Алматы және Талдықорған облыстарында аудандастырылған.
Қазақстанда негізгі көп тараған қытайбұршақ сорттарына Мутантная 359, Казахстанская 688, Высокостебельная 2, Скынтея, Букурия, Эврика, Аврора, Гибридная 670, Мерит жатады [28].
Қытайбұршақ тұрақты түрде дамитын және өнімділігі жоғары майлы дақылға жатады. Дәнінде, жасыл өнімінде құрамындағы ақуыз үлесінің жоғарылылығымен, жақсы ауыспалылығымен ерекшеленеді, өйткені топырақты азотпен байытады [29].
Түсімділігі. Ғылыми -зерттеу мекемелерінің зерттеулерінің нәтижелерімен, Қазақстанның оңтүстікі, оңтүстік- шығысының суармалы алқаптарынан бір гектардан 30-35 ц кей кездерде 50ц түсім берген. Түсетін таза пайдасы — да басқа дәнді дақылдарға қараганда жоғары. Қазақстандық жер өңцеу ҒЗИ -ы қытайбұршақ еккен 1 гектар суармалы алқаптан, он жылда орташа есеппен протейн түсімі 10,7ц, ал арпадан -2,5ц. Гибридная670, Казахстанская-4 сорттарынан гектарына 32,9ц өнім алса, кей кездері 40-45ц-ге депйін жеткен. Шығыс Қазақстан МАСС-ы суарылмайтын тәлім жерде ерте пісетін Хабаровская 4, Амурская 42 сорттарынан 7,3-21 ц өнімділік құраған [30].
Нәрлілігі. Қытайбұршақтың дәнінде 36-48% ақуыз, 17-26 % май және минералтұздар мен дәрумендер болады. Өсіп-өну кезеңде құрамына ақуыз және май қорын жинауда қытайбұршаққа бірде-бір дақыл теңеспейді, өйткені амин қышқылы қүрамымен жетік қамтылған. Жалпы ақуыз қүрамымен қытай бұршақ мал өнімі өнімдерінен жоғары. 1кг қытайбұршақтың үнының құрамындағы ақуыз 2,3кг ет , 2,3кг ірімшікке тең. Құнарлығы жағынан бұл дақылдың ұны басты орынды иемденеді. Егер 100 г бидай ұнында — 360 кг каллория, арпа – 350, сұлы – 385, бүршақ – 320 болса, қытайбұршақтың ұнында — 450 кг каллория болады. Қытайбұршақ ұнының сіңімділігі мен қорытылуы жоғары. Ақуыздың қорытылуы 77-92%, майының 94 -100, көміртектілерінің79-100, ал жалпы сіңімділігі84-90%. Қытай бұршақ шроты жоғары қүнарлы, бағалы концентратталған азық. Бір кг мүндай азықта -387г қорыттылатын протеин кездеседі. Қытайбұршақтың 1ц дәнінен 75-80кг шрот (үгілген сығынды) шығады, одан 29-30 кг қорытылатын протеин алуға болады (салыстырмалы түрде; күнбағыс дәнінен 30-35кг шрот немесе 11-13кг протейн) Қытай бұршақ шроты күнбағыс шротынан жеңіл сіңімділігімен, құрамындағы құнды амин қышқылдары және дәрумендерімен ерекшеленеді. Мысалы, 1кг қытай бұршак шротында 27,8г лизин, ал күнбағыс шротында 12,8 г құрайды. Қытай бұршақтын өзіндік құны өте төмен, өйткені қытайбұршақ майының өзі бапталуына жұмсалған шығынды толығымен жабады. Қытайбұршақтың шротындағы 1т қорытпалы протейнге жұмсалған шығын, топталған азықтың өзіндік құнын 7,1-24 есе төмендетеді. Жасыл балаусасы жоғары нәрлі, 1кг-да 0,21 азықтық бірлік, 35г қорытпалы протеин және 75мг каротин болады [31].
Пайдаланылуы. Әрі азық-түлік, техникалык не малазықтық болып пайдаланатын қытайбұршақ әмбебаптығымен, көп салалығымен өзіне теңдесі жоқ дақыл. Оның дәнінен 300-ден астам өнімдер — авиациялық май және пластмасса, қытайбұршақ сүті және конфетке дейін өндіріледі. Әлемдік өсімдік майлары өнімдерінің арасында бірінші орында. Қытайбұршақтын майынан маргарин өндіру, технологиялық барысында нәрлілігі кілегей майынан да асып түседі. Дақылды кондитерлік, нан пісіру, ет өнімдері, басқада тағамдық өндірісте пайдаланады. Мысалы, ет өнімдеріне қытайбұршақ күшейткіштерін қосып дәмді және нәрлі тағамдар өндірілсе, үлкен сұранысқа ие болады. Қытайбұршақты фармакалогиялық өндірісте дәрі-дәрмектер дайындайтын шикізат ретінде пайдаланады, олар мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады, және диабетті емдеуде қолданады. Қытайбұршақ майын тағам ретінде қолдану гипертония және атеросклероздың болдырмауын реттейді. Қытайбұршақ майынан көп мөлшерде адам өміріне қажеттілігі сәйкес гармондар алынады. Қытайбұршақ құрама ақуыздық және дәнді азықтық сүрлемдік дақылдардың құрамына енетін таптырмайтын қоспа. Ауылшаруашылық малдарды қытайбұршақ қосылған азықпен берсе өнімділігі өсіп, мал өнімдерінің сапасы жақсарады. Мысалы, А. Байракымов [32] екі айлық бұзауларды іріктеп, оларды екі топқа бөлген, бірінші топтың құрамының 25 пайызы қытайбұршақ дәні бар кешендік, ал екінші топты ақуыз қоспасыз концентраттармен жемдеген, алты айлық жасында бірінші топтағылардың тірілей салмағы 199,6кг құрап, орташа тәуліктегі салмақ қосуы 940-1081 г болған, ал екінші топтағылар 728г.
Қытайбұршағы және биологиялық азот. Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдермен, егістік алқаптардың көлеміне сәйкес, түсіммен топырактан азот алшактанады. Егер дәнді дақылдардың 25ц/га түсіміне қажетті азотты есептесек; 14млн га-1,4млн т. азот қажет болады. Ол дегеніміз топыракты толтыруға қосымша көздерін табуға әкеледі. Біздің планетамызда азоттың бірінші бастауы -ауа, әр гектардың үстіндегі ауа құрамында 80мың т. әйтседе осы мол қорларды адам ағзасында мал ағзасында пайдаланылмайды. Олар азотты өсімдік ағзасымен синтезделген ақукыз түрінде тағаммен және азықпен алады [30]. 1га азот қоры-5-15мың кг, соның ішінде 1% өсімдіктер қоректенуіне жарамды, жылжымалы формалар. Осы мол қорлар, ерекше топты микро ағзалардың тіршілік барысында дәлірек айтсақ биологиялық жолмен, жыл сайын толтырылып отырға [30]. Биологиялық азоттың жер өңдеудегі маңызы зор. Ауылшаруашылық өнімдерімен жер шарында топырақтан 100-110 млн. т. азот алынады. Ал минералды тыңайтқыштар тек 12 млн. т. орнын толықтырады. Азоттың биологиялық байланыссыз ақукыздың синтезін және жер бетіндегі барлық тіршілікті елестету мүмкін емес [32]. Маңыздылығы жағынан азоттандыру процессін фотосинтез және тыныстанумен бір қатарға қоюға болады. Жер өңдеуде биологиялық азотқа Д.Н.Прянишников т.б. [33] үлкен маңыз берген: «Химиялық өндірісті толық жетілдіре отырып әрбір техникалық азотқа көбірек биологиялық азот қосу керек, яғни азот мәселесін тек химиялық өндіріспен шешу — мүмкін емес» — деп жазған. Азот жинау жолына, яғни биологиялық тәсілге көбірек көңіл бөлу қажет. Топырақта еркін өмір сүруші азот бактериялар және клостридиум бактериялардың атмосфералық азотты топырақта байлау (фиксациялау) нәтижесінде топырақ биологиялық азотпен толықтырылады. Бұршақты өсімдіктердің тамыртүйнек бактериялары арқылы да толтырылады. Ауылшаруашылық өндірістікте соңғысының практикалық маңызы зор. Бұршақты өсімдіктермен бірігіп тіршілік ету нәтижесінде олар ауадан көп мөлшерде азотты алады. «Беде, жоңышқа, люпин әр 200 мың гектар алқабы, дұрыс өңделген жағдайда, бір жылда 30 мың т. азотты құрайды, ол қуатты азот өндіру комбинатпен тең, ал суармалы жағдайда жоңышқа төрт орымда одан екі есе құрайды» [34]. Қазақстан бойынша бұршақты дақылдардың азотпен байыту туралы мәліметтер аз, алайда өнімді көбейту және ауыспалы егістікті қолдануға байланысты топырақты, ауа – райы жағдайын анықтай отырып, ауылшаруашылығы ғалымдары мен мамандарына азот жинаудың накты сандық көрсеткіштерін және бұршақ дақылдарының түрлері бойынша азотпен байытуын білу қажет. Мысалы З.М.Яковлеваның [35] сынақтарында Алматы облысының ақшыл- сарғылт топырағында және Қызылорда облысының шалғындық-сазды топырағында, сояның ауадан алған мөлшері 174-310 кг/га, сиыржоңышқа -257, шабдардың-304, пажитниктің-250, донник-257, жоңышқа-300 кг. Қызылорда облысында, тамыртүйнекті бактерияларының беделді штаммдарымен жұқтырған топырақта гектарына40кг-ға шейін азотты құраған. Қазақстандық жер шаруашылығы ҒЗИ -ы топырақты азотпен байытуын үш тәсілмен анықтаған: 1) азоттың тепе-теңдігінің мәліметі, 2) бұршақты және ақ егіс дақылдарының құрамындағы азот айырмашылығын есептеу.З) пайдаланған және пайдаланбаған өсімдіктердің азот айырмасы. Соңғысын тек қытайбұршаққа қолданған, өйткені нитрагинмен пайдаланса тамырдағы тамыртүйнек қалыптаспайды. Барлық үш тәсіл де егістік жағдайда-3,3% болады. Топырақ және тұқымнан азотты пайдалану коэффициентін пайдаланған [36]. Топырақта азоттың жиналған мөлшерін оның тамырдағы және қалдықтарынан алып есептейді. Кейде ол нақты болмайды. Нәтижесінде, біржылдық бұршақты дақылдар Іле -Алатауының етегінде ақшыл — сарғылт топырағында азотты аз мөлшерде жинаған, ал көпжылдық бүршақ тәріздес шөптер 1га/100-150кг жоғары азот қалдырған.
1.5 Қытайбұршақ дақылына тыңайтқыштар қолдану, арамшөптермен күресу шаралары
Ауылшаруашылық саласының егіншілік жүйесін дамытудағы негізгі мақсат-міндеттерінің бірі – егістік алқаптағы топырак қабатының құнарлы болуы мен оны сактау және ұдайы арттыру жолдары болып табылады. Мұндағы басымдылыққа егіншілікте ғылыми тұрғыда негізделген ауысымды егін егуді ендіру; топырақты ұтымды өңдеу жүйесін қалыптастыру; өсірілетін дақылға және топырақтагы макро- және микроэлементтерге байланысты органикалық жнне минералды тынайткыштар енгізу жатады. Егістік дақылдардан тұракты және жогары өнімді жинауда ғылыми негізделген ауысымды егістікті дұрыс пайдаланғанда жақсы нәтиже алынады.
Ауыспалы егісте қытайбұршақ отамалы дақылдардың арасында орналастырылады. Дегенмен қытайбұршақты күнбағыс пен жүгеріден кейін егу ұсынылмайды, себебі бұлар жақсы алғыдақыл болмайды. Қытайбұршақ алдын егілген немесе күнбағыс өсірілген егістікке жеті-сегіз жылдан соң орналастырылады. Өсірілген жағдайда қытайбұршақ егісі сұңғыламен қатты ластанады. Бұл дакылға жақсы алгыдақыл ретінде жаздық немесе күздік астық дақылдары, дәнді және сүрлемді жүгерілер жатады [37].
Қытайбұршақ дақылы жоғары өнімді күзде топырақты тереңге жыртқанда қамтамасыз етеді. Көктемде сүдігерді қайта жыртудың тиімсіздігін дәлелдейді. Көктемде мақсарыны себер алдында арамшөптер өркендерін жою үшін культивациялау дақылдардың өсуіне жағдай туғызады. Даққыл ерте егілетін болғандықтан, топырақты ерте культивациялау жақсы нәтижеге жеткізеді. Алматы облысы жағдайында С.Н. Прянишниковтың [38] көрсетуінше, мақсары дақылын соқаны пайдаланып 20-22см-де аударылған сүдігерге себу қажет. Мұнда тұқым себердін алдында сыдыра жыртқышпен 6-8см-де өндеу және екі-үші мәрте тырмалау қажет.
Терең жыртылған сүдігердің мақсары үшін тиімділігі мен тұқымды себердің алдында өңдеулерді жүргізу керек. Мақсарыдан алынантын өнім мол болуы үшін төменгі агротехникалық шараларды сақтау керек: ерте жыртылған сүдігерге себу, ерте көктемде жыртылу қабаты кеуіп қалмауы үшін тырмалау қажет. Талдықорған облысының ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлерінде Г.С. Ақшановтың [39] тәжірибесі бойынша, қытайбұршақ себілетін танапты күзде соқамен 27-29 см терендікте жыртып және топырақты нығыздау және тұқым себудің алдында топрықа қопсытылуын және тырмалануын ұсынады.
Ылғалдылық мәселесі қуаңшылықта өте манызды деп бағаланып, топырақ қабатындағы ылғалдылық қорын реттегенде аса тиімді пайдалануға, булануды азайтуға бағытталған топырақ өңдеу тәсілдерін іздестіруге ерекше мән беріледе. Сондықтан астық пен мал азығының едәуір мөлшері тәлімі жерлерде өндіріледі. Дегенмен, тәлімі жерлерден өнім алу жаңбырдың мөлшері, егістіктердің сумен жақсы қамтылуына тіке байланысты. Үнемді технологиямен топырақты өңдеудің бірқатар экономикалық, экологиялық жетістіктері топырақтағы болатын әртүрлі эрозиялардың ұшырауын мүлдем жойып, қарашірік мөлшері артады және ылғалды жинау, сақтау мүмкіндігі жоғарылайды. Сондай-ақ тиімді ауыспалы егісті қолдана отырып, энергетикалық, егін шығындары азайып (30-40%), сапасы жоғары өнім алуға мүмкіндік туады.
М.Қарабаев, М.Васько [40] тұжырымдары бойынша, өсімдікті тікелей себу және өсірудегі жалпы түсінік бойынша мынадай негізгі іс-шаралардан құралады: арамшөптерге қарсы өңдеу; тікелей егу + үстеп қоректендіру; өнім жинаудан кейін өсімдік қалдықтарын майдалап шашып қалдыру.
Әлемдік тәжірибелер көрсеткендей тікелей егу жүйесі мен технологиясын қолданғанда төмендегідей оңды нәтижеге қол жеткізіледі:
— жауынның мөлшері аз аймақтар мен құрғақшылық әсері тән аудандарда жерді механикаллық жолмен өңдеу ылғалдың буланып, топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан сақтайды:
— жауын-шашын бірден қатты нөсерлетіп жауатын аймақтарда топырақтағы су эрозияларынан сақтайды;
— топырағының құрылымы нашар аймақтарда механикалық өңдеу кезінде құрғақшылықтан тез тозса, ылғал көп мезгілде топырақ кесектеніп кететіндігінен;
— дала жұмыстарын ерте бастауға және механикалық өңдеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіретін аймақтарда қолдануға ұтымдылығы.
Қазақстанның тәлімі егіншілік жерлерінде жел, су эрозиясына шалдыққан аймақтарында тікелей себу технологиясының атқаратын рөлінің болашағы зор.
Технологияның үнемді және тікелей егу жүйесінің шағын агроқұрылымдарға (фермерлерге) беретін негізгі артықшылықтарына: топырақ эрозиясы төмендейді және жарамсыздануы тоқтайды; алынған өнім құны азаяды; дақылдың еккеннен өнім жинарға дейінгі арақашықтығы барынша кемиді, бұл бірден екі өнім алуға тиімді; жерді пайдалану тиімділігі артады; өсімдіктердің су мен ылғалды пайдалануы жақсарады; топырақ кабатынынң физикалык-химиялық және биоллогиялык сипаттары жақсара отырып, топырақ құнары қалпына келеді, соның нәтижесінде өсімдіктің өнімділігі жоғарылайды; аймақта экологиялық жағдай жақсарады.
Тікелей себу тәсілінің артықшылығы ретінде дәстүрлі өңдеуге (аудара жырту) қарағанда, оның экономикалық-энергетикалық тұрғыдан тиімділігінде, топыраққа техниканың әсер ету мүмкіндігінің мейлінше азаюы нәтижесінде топырақ қабатының тығызданбауы, топырақты эрозиядан сақтау мен құнарлылылқ деңгейін арттыруы, топырақта су қорын тиімді жинауы және сақтауы, және басқа да ұтымды жақтарын қарастыруға болады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақта егістік танапты негізгі өңдеусіз мақсары дакылын тіке сеуіп-өсірудін ғылыми негізделген жүйелі жиынтығын жасау, өнімнің өзіндік құнын төмендету шаралары өсірілетін дақылдың көлемін арттырары сөзсіз.
Қытайбұршақ дақылын өсіруде тыңайтқыштарды қолдану. Бұл дақыл N, P және Ka элементтерін вегетациясының барлық кезеңінде бірдей қажет етеді. Дақыдын қорекзаттарды жалпы қабылдауы вегетативтік және генеративтік массаларының өсуіне байланысты көбейіп отырады. Аса көп қажеттілік кезеңі –гүлдену сатысы болып табылады. Осы кезеңде топырақтан барлық қажетті мөлшерден, 60% азот, 80% фосфор қышқылын және 90% калийді қабылдайды. Қытайбұршақ топырақ талғамайтындығына қарамай, өсіп-дамуында азот тыңайткышын енгізуге байланысты өнімділігі бақылаумен салыстырғанда гектарынан 9,8ц жоғарылаған. Ал, фосфор, калий тыңайтқыштарын енгізуде өнімділік гектарына 2,9ц артқан. Бұл зерттеу жүргізген аймақтың топырағы алдын анықталғандай азот аз, фосфор орта және калий жоғары мөлшерде болғанымен сәйкестелген.
Азот — өсімдік биіктігін, себет санын, 1000 дән салмағын, тұқымшадағы белок мөлшерін арттырады. Сабақтану — шанақтану сатыларында азотты көп беру майлылықты төмендетеді. Қ.Н. Жайлыбай, Қ. Бәкірұлы [41] мәлімет-терінде «Агро-Л» өсу реттегіші мен минерал тынайтқыштардың мақсары өніміне әсерін зерттеп егістікке форфор тыңайтқышы аз мөлшерде, ал азот (N90P90 кг/га) енгізілгенде және егісті «Агро-Л» өсу реттегішімен өңдегенде қосымша өнім гектарына 2,2-3,4ц болған. Азот тыңайтқышының мөлшерін N120P90 кг/га көбейтіп және «Агро-Л» өсу реттегішін енгізгенімізде дән өнімі артқан жоқ. Бұның себебі мақсары өсімдігінің көп бұтақтанып, егістің қалыңдап кетуі. Марганец микротыңайтқышын гектарына 500 г мөлшерінде бүрку өнімділікті 1,04-1,45т-ға арттырған. Қытацбұршақ топырақ типтеріне жоғарғы талаптар қоймайды. Дақыл өсірілетін танаптарга органикалық-минералды тынайтқыш қосу дақылдың өнімділігін және сапасын жоғарылатады. Көптеген зерттеулерде егістікке гектарына 40-60кг мөлшерде азот және фосфордың беру керектігін айтылады.
Егіс даласында қытайбұшақтың Тага сортына суарудың әртүрлі тәсілін тиімділігі тыңайтқыштар мөлшерін NO3 25 және 50, Р205 10 және 20, сонымен қатар калийдің мөлшері жоғары етіп, қазан-ақпан айларында сазды топырақта өсіріліп оның қорытындылары келтірілген [41]. Ең жақсы өсу эвапотранспи-рациямен суаруда болған. Азот тыңайтқышын енгізгенде өсімдіктің бойы, бұтақтарының саны, гүлінің саны, 1000 дән массассы мен тұқымы, сабағының түсімділігі жоғарылған. Сонымен қатар фосфор тыңайтқышын ендіргенде де тұқымның түсімділігі, артқаны, алайда өсімдіктің биіктігі өзгермеген. Тыңайтқыштың мөлшерін N25Р10 қолданғанда, тыңайтқыштардың мөлшерін одан әрі жоғарылатқанда тұқым түсімділігінің артуы айтарлықтай көбеймеген. Мақсарының N-62-8, Тага және Вhіmа сорттарын раби мезгілінде суармалы емес жағдайда 2жыл сазды топырақта өсіріп, себу кезінде немесе себуге дейін 20-10 күн қалғанда тыңайтқыштарды N40Р30 және N80Р60 мөлшерінде еңгізді. Сорттар азот және фосфордың болу мөлшеріне байланысты едәуір ерекшеленген. Басқа сорттармен, әсіресе N-62-8 сортымен салыстырғанда, Вhіmа сортының тұқымы мен сабағында тыңайтқыштар молшері бірталай жоғары болып, N және P мөлшерін арттырған сайын барлық сорттардың тұқымы мен сабағында ұлғайғна. Бұл өз кезегінде себуге 10 күн қалғанда тыңайтқыштарды енгізу тиімді екендігін аңғартады.
Үндістанның Пенджаб штатында В.S.Еkshinge, V.D.Sondge [42] тәжірибелерінде, қытацйбұршақты раби мезгілінде, яғни суарылмайтын жағдайында өсірілді. Тәжірибені Парбхани тәжірибелік егісінде аз сілтіленген, азоттың мөлшері төмен, фосфоры орташа, калий мөлшері жоғары сазды топырақта жүргізді. Тыңайтқыштың N40Р30 және N80Рб0 мөлшері себуге 20-10 күн қалғанда және себу кезінде енгізілді. N-62-8, Тага және Вhіmа сорттарының тұқым түсімділігі тыңайтқыштарсыз гектарына 632кг; 1209кг және 1299кг, ал N40Р30 болғанда гектарына 1077кг; 1347гк және 1759кг-ға жеткен. Басқа сорттармен салыстырғанда Вhіmа сортының түсімділігі тыңайтқыш-тармен де, тыңайтқыштарсыз да жоғары болды. Осы тәжірибелерден кейін суарылмайтын жағдайда Вhіmа сортына себу алдында немесе себу кезінде N40Р30 тыңайтқыштарын еңгізе отырып өсіруге ұсыныс берген.