Кішітау—Қарағанды облысы ұлытау ауданының орта тұсындағы тау. ұлытау жотасының оң түстік-батысында, Дулығалы Жыланшық өзенінің бастауында орналасқан. Кіші таудан батысқа қарай Дулығалы Жыланшық, оң түстікке қарай Қумола, шығысқа қарай Жезді өзендері бастау алады.