АРНАУЛЫ ӘСКЕРЛЕР

АРНАУЛЫ ӘСКЕРЛЕР — Қарулы Күштердің (ҚК) әскери және күнделікті қажеттерін қамтамасыз ету үшін арнайы тапсырмаларды орындау міндеттелген әскери бөлімдер мен бөлімшелер. Көптеген мемлекеттердің ҚК-нде Қорғаныс министрлігіне тікелей бағынатын А. ә. болады. Олар ҚК мен Тыл әскерлерінің құрамына енеді. А. ә. құрамаларының атаулары, құрамы, ұйымдастырылуы, қарулануы және тех. жарақтандырылуы олардың алдына қойылған міндеттерге байланысты. А. ә-ге инженерлік, байланыс, химиялық, радиотехникалық әскерлер мен топогеол. бөлімшелер жатады. Кейбір ҚК-де соларға ғана тән А. ә. бар. Мыс., ӘӘК-де (әскери-әуе күштері) — инж.-авиац. қызмет бөлімі. ҚК-дің Тыл құрамына автомобиль әскері, жол әскері, т.ж. әскері, құбыр тарту бөлімшесі сияқты А. ә. енеді. Сондай-ақ шетел ҚК-інің де жоғарыда аталғандай А. ә-і бар. Олар атаулары, ұйымдастырылуы, тех. жарақтандырылуы және міндеттеріне орай ерекшеленеді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *