Ақсу

Ақсу—оңтүстік Қазақстан облысының Төле би, Сайрам аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Сырдария өзенінің алабындағы Арыс өзенінің сол жақ саласы. Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі Мұздықтан бастау алады. Жоғарғы ағысында аңғары тар шатқалды, тік жарлы, бұралаң келеді. Негізінен мұздықтар мен қар суымен толығады. Суы баубақша, егістік суаруға пайдаланылады. өзеннің жоғарғы ағысы бойында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. өзен алабын да ежел гі Сайрам (исфиджаб) қаласының орны қалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *