АРНАЙЫ СОЦИОЛОГИЯ

АРНАЙЫ СОЦИОЛОГИЯ— тұтас қоғамның және әлеуметтік процестердің белгілі дәрежеде тәуелсіз, өзіндік жүйелерін зерттейтін социология ғылымының дербес салаларының жиынтық атауы. А. с. тұжырымын алғаш рет америкалық социолог Р. Мертон енгізген. Мақсаты — социол. білімнің эмпириял ы қ және теориялық бөлімдері арасындағы ерекше, белгілі дәрежеде тәуелсіз жүйелерін зертгеу. Әрбір әлеум. теория әр түрлі әлеум. қоғамдар мен салаларды, ин- ттар мен процестерді, олардың жалпы және өзіндік байланыстарын, сипаттарын, пайда болу жағдайларын қарастырады. Қазіргі социол-да арнайы әлеум.-психол. зерттеу салаларының бірнеше топтары пайда болған: 1) адамның негізгі қызмет ету формалары мен түрлерін зерттейтін салалар (бос уақыт социологиясы, еңбек социологиясы, тұрмыс социологиясы, т.б.); 2) социология және гуманитарлық ғылымдар шекарасында қалыптасқан салалар (құқық социологиясы, экон. социологиясы, саясат социологиясы, мәдениет социологиясы, дін социологиясы, т.б.); 3) қоғамның әлеум. құрылысын, құрамдас бөліктерін және өзара қатынастарын зерттейтін салалар (әлеуметтік топтар теориясы, қала социологиясы, ауыл социологиясы, т.б.); 4) әлеум. ин- ттар қызметін зерттейтін салалар (басқару социологиясы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы, т.б.); 5) Кертартпа әдет пен мінез-құлықты зерттейтін салалар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *