Зерттеуде өзіндік сана

Зерттеуде өзіндік сананың теориялық талдамасы, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеулерге негізделіп келесі тұжырымдар қарастырылды:

1.       Өзіндік сана — бұл:

—   өзінің теңдестігін ұғынуды;

—   белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды;

—   өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

—   өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бірімен-бірі функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты.

2. Мотивациялық байланыстардың қалыптасуы, жеткіншектің саналы іс-әрекетінің құралы ретінде оның өзіндік анықталуының және қажеттіліктер иерархиясында із қалдырады. Жеткіншекте шығармашылық сынап ойлау қабілеті пайда болып, дүниетанымы қалыптасады, өйткені дербес өмір сүру кезеңі ерекше түрде, оның алдына мен не істей аламын, не нәрсеге жараймын, қабілеттері мен бейімділіктері неге сәйкес деген сұрақтар, оны өзі туралы ойланып өзіндік санасын айрықша дамуына жетелейді.

3. Жеткіншекте ересек адамның бағыттылығы қалыптаса бастайды, оған ересек сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл бағыт жеткіншектің өмірдегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересек дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің максаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийі болады.

4. Мотивациялық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқушының тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет. Сыналушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшылықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі боямауын анықтап, соның негізінде әрі қарай жетілдіреді.

5. Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік
сезімінің дамуы байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен
себептер кемшіліктерді жою, сыныптың әлеуметті сыйлы мүшесі болу
жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға өзін тәрбиелейтін оқушыны
мұғалімдер, ата-аналар қолдап, тәрбиелеу тәсілдерін талдап, оларды іске
асыруға өз үлестерін қосуға тиіс.

6. Өзін тәрбиелеудін нәтижелілігі балалардың психикалық үрдістері:
зейіні, қабылдаулары, есте сақтау қабілеттілігі т.с.с дұрыс ұйымдастырылуына
тәуелді. Балалардың зейінін ұйымдастыру педагогикалык үрдістің нәтижелі
болуына жетелейді. Зейін балалардың өзін-өзі тәрбиелеу бағдарын анық
және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс-
әрекетті бақылауын қамтиды.

7.Ырықты басқару механизмдерін жетілдіру, жас өскен сайын зейіннің таңдамалығын арттырады. Жеткіншектердің негізгі тапсырманы қосымша тапсырмалармен салыстырғанда нәтижелі орындаулары жоғарылайды. Зейіннің арнайы таңдамалылығының артып,  маңызды мәселеге зейінін шоғырландыра  алу  қабілетін  нақты  жас  ерекшеліктеріне  байланысты дамығанын көрсетеді.

8.  Негізгісі оқушының өзінің өзгерістерін өзі ұғына алуы қажет. Бұл
мақсатта, ол өзін, тұлғалығын, білімдерін, икемділіктерін және дағдыларының құрылымын, іс-әрекетінің процедуралық жақтарын, кемшіліктерін талдап үйренуі тиіс. Бастысы, оқушы болашаққа жоспарын ертеректе қандай болғанымен, не білетінімен салыстыра ұйымдастыруы болады.  Бұлай өзін бақылау, өз бетінше тапсырмалар мен тәсілдерді, әрекеттерінің нәтижелерін ескеру тек қана рефлексияның — өзінің даралығына, қылығына, тұлғалық ерекшеліктеріне  зейінінің дамуы негізінде ғана қалыптасады.  Өзін-өзі бақылауды зейінді ұйымдастыра, өзінің іс-әрекетін және қылықтарын игеруі мүмкін.

9.  Зейін көрінісінің көпжақтылығы мен салыстырмалы тәуелсіздігі бір қасиеттерінің жақсы, басқаларының нашар дамығанын көрсетеді. Зейін қасиеттерінің жоғары деңгейі оқу-тәрбие жұмысында алғы жоспарға шығып негізгі орындаушы міндеттерді өзіне алады. Зейіндерін жақсы ұйымдастыра алу  өзін тәрбиелеуде  жетекші  фактор  ретінде  қалыптасады.  Сонымен бірге өзін тәрбиелеудің зейін қасиеттерін дамытуға да ықпал болады. Арнайы талдау бойынша зейіндері кең, тұрақты және жақсы бөле алатын оқушылардың, зейіндері тар, тұрақсыз және дұрыс бөле алмайтындармен салыстырғанда әлдеқайда өздерін тәрбиелеуде және оқуда жақсы үлгере алатындары көрінеді.

10.Жеткіншек жасы зейіннің барлық қасиеттерінің қарқынды дамуымен ерекшеленеді:  тұрақтылығы  жоғарылайды, көлемі  артады, ауысуы  мен бөлінуі жақсарады. Сонымен жақсы дамыған зейін әр түрлі тапсырмаларды орындауда өзінің іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға жәрдемдесіп, оларды нақты және ыңғайлы ырғақпен жұмыстың тепе-теңдік тұрақты күйін қолдайды. Зейінді жаттықтыру қандайда бір мөлшерде оқушының өзін тәрбиелеуде даралық мүмкіндіктерін орнықтырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *