Үйсін

Үйсін—қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жібереді. үйсін тайпалық бірлестігі бұл тұста Қытайдың батысындағы өзге елдермен дәрежесі тең қуатты да, құдіретті мемлекет болды. үйсіннің шығу тегі, таралуы, қазақ халқының тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер аз емес. оған себеп—жазба дерек көздері. Атап айтқанда VII ғасырдағы Қытай жазушысы Чингу «Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды» деп жазды. Жетісу үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н.Бернштам, К.А.Ақышев, г.А.Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Есік қорғанынан қазып алынған (1969-1970) «алтын адам» «сақ ханзадасы» деп тұжырымдалғанымен, соңғы зерттеулер «үйсін адамы» деген пікірді алға тартады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *