МЕН» БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МЕН» БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

 «Мен» бейнесі адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінде туынды сипатқа ие болады. Жасөспірімдердің «мен» бейнесі өзіндік ерекшелік, ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие болады. Идеалды нақтыланған «Мен» бейнесі бір мифологиялық табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен» бейнесі, тұлғаның өмірлік стратегияларын біріктіруге мүмкіндік береді. Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлғааралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, өзіне және басқаларға не оң, не теріс қатынасты жасайды.

Өзіндік бағалау процесі субъективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші дитерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Жасөспірімдер қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-құлықтың стереотиптерін қалыптастырады. Өзіндік сана тұрғысында жасөспірім өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Жасөспірімдердің конфликтілігі және «Мені» бір жағынан болмыста энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір таңдаумен іс амалдарға жете қоймаған тәжірибесіздігінен тұрады.

Жасөспірім жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы: іс-әрекетін мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысалы: «мен қандай ақылдымын» деп ойласа, қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болып табылады. Адекватты емес күмәндануларда жасөспірім өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе, қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды.

Жоғары өзіндік бағалау болған кезде жасөспірімдердің шектен тыс ренжігіштік мінездік қырын көруге болады. Реніш-сезім, яғни бұл қоршаған орта оған әділетсіз түрде қараған кезде көрінеді. Шын мәнінде бұдан да басқа көріністер көрініп жатады.

Ал өзіндік бағалауы төмен жасөспірімдер қарым-қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады? — Өзі туралы көзқарасы өзгереді, мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды, мұндай жағдайларда көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі жатады және мазасызданудың деңгейі жоғары болатын балаларға тән құбылыс. Олар сонымен қатар көңіл күйдің төменгі күйін қалыптастырады.

Зейін бір анықтама бойынша, — бұл психиканың бағыттылығы {сананың белгілі объектілер мен құбылыстарға, субъекттің іс-әрекетіндегі қажеттілігіне, мақсатына және міндеттеріне). Басқа анықтама бойынша: сананың шынайылықтың кейбір (жекелік немесе ситуациялық мәні бар) жақтарына шоғырлануы. Алғашында зейінді зерттеу апперцепция ұғымын зерттейтін аумаққа енген. «Апперцепция» ұғымы жалпылай қарағанда шынайылықты қабылдаудың бұрынғы тәжірибеден, адамның психикалық іс-әрекетінің жалпы мазмұнынан және оның даралық қабілеттіліктерінен тәуелдігін білдіреді. В. Вундт зейінді қабылданатын мазмұнды анық мағыналығын және бұрынғы тәжірибенің тұтастық құрылымдығының интеграциялануын қамтамасыз ететін үрдіс («шығармашылық синтез» деп атаған) ретінде талқылаған. Өзінің ғылыми зерттеулерінде ол зейін мен сананың ара қатынасын және сана мазмұнын ұйымдастыруда қандай функцияларды орындайтынын анықтауға әрекеттеніп, мұны «перцепция» және «апперцепция» деген ұғымдардың ара қатынасы арқылы қарастырған. Перцепция деп қандай-да бір мазмұнның санаға ену үрдісін айтады. Апперцепция — бұл зейіннің белгілі бір объектіге шоғырлануы, яғни қандай-да бір мазмұнның сана өрісіне енуі.

Зейін басқа психикалық үрдістердің құрамында солардың бірлігі немесе факторы ретінде деген тұжырым да болды. Мұнымен келіспейтіндер, зейін актісінің мазмұны ресми зерттеуге ыңғайлы мүмкіндіктер тудырады деп санайды. Когнитивтік психологияда психиканың ақпаратты өңдеуде тұтастық үрдісті ұғынумен қатар, зейіннің болуы бұрыннан адамның ішкі тәжірибесінде айқын факті ретінде қарастырылған. Зейіннің нақты күйі түрлі өтуі мүмкін: күш салуқызығутаңқалубелсенді болу және т.с.с. Зейін мотивтермен де тығыз, әрі үздіксіз байланыста: біз шынайылықтағы құ-былыстардың өзекті қажеттіліктерімізді бейнелейтін жақтарына шоғырланамыз. Зейін әлемді тануда және адамның қылықтарын реттеуде басты рөл атқарады.

Зейіннің физиологиялық негізі ми қызметінің жалпы белсенділігін және мидың ерекше бағаналық құрылымы — ретикулярлық формацияның қарқынды қозуымен енжардан белсенді сергектікке көшуді қамтамасыздандырады; мұндай құрылымның белсендірілуі, өз кезегінде, бастағы ми қыртысының қабілеттілігін көтеруге жетелейді. Ретикулярлық формацияны «іске асыратын механизмдер» ішінде бағдарлы рефлекс қоршаған ортадағы кез келген күтпеген өзгерістерге ағзаның туыла берілген шартсыз рефлекторлы реакциясы ретінде орын алады. Әсердің осындай механизміне бағына, қандай-да бір іс-әрекетті орындауда, мысалы хат жазуда, терезенің арғы жағынан шыққан қатты дыбысқа ырықсыз зейін аударамыз. Стимулдың екі параметрі бағдарлы реакцияны тудырады: жоғары қарқындылығы және жаңалығы.

Сол сәттегі зейіннің таңдамалығын И.П. Павловтың ашқан жүйке үрдістерінің индукция заңы арқылы түсіндіріледі. Индукция заңының психологиялық мәні қандай-да объектіге немесе іс-әрекет аумағына зейіннің шоғырлануы жанама, яғни, субъекттің өзекті қажеттілігі мен міндеттеріне сәйкес келмейтін бәсекелесті белсенділікті және сыртқы әсерлерді аңғармауды талап етеді. Эксперимент бойынша таңдамалықты белсендіруді қамтамасыздандыратын ретикулярлық формация.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *