Өзін-өзі тану” бағдарламасы

Өкінішке орай, дәл осы осы этаптарда көптеген қателіктер жасалады.  

“Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.

“Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып  студент:

  1. өзіндік сана — өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.
  2. өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы – бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі студенттердің жеке басының өсуіне байланысты.көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы “Жеке тұлғаның өсуі” аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген. Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда  “Жеке тұлғаның дамуы” сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебеттерде “Өзін-өзі жетілдіру”, “Өзін-өзі дамыту”, “Өмірлік жол”, “Жеке тұлға потенциалдарының дамуы” және т.б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы,  құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.

Өзін қылықтың субьектісі ретінде сезініп, өзіне қатынасы зейінділік немесе рефлексивтілік қасиетке айналу үшін көп тәжірибе жинақтау қажет. Зейінділікке қабілеттігі өзін-өзі танумен тығыз байланысты. Басқаша айтқанда, «нақты мен ойлаймын, түсінемін және есіме түсіремін» деген қабілеттілігін білдіре, Мен — әрекеттенуші және Мен — рефлексияланған болып екіге бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *