АРНАЙЫ МАҚСАТТЫ ҚОР

АРНАЙЫ МАҚСАТТЫ ҚОР — белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін жиналатын қаржы. Ол мемлекеттің есебінен емес, жеке адамдардың, ұйымдардың, өндіріс орындарының, т.б. мекемелердің бөлген қаржыларынан құралады. Бұл қаржыларды басқа мақсатқа жұмсауға, талан-таражға салуға болмайды. Мыс., Арал теңізінің тартылуына байланысты құрылған Арал қоры. Бұл қорға өз елімізден де, шетелдерден түскен қаржы Арал суының одан әрі тартылуын тоқтатуға, теңіз жағасында өмір сүретін халықтың әлеум.-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жұмсалуда. Арал қ-сында аурухана, тұрғын үйлер тұрғызылды. Респ. балаларының денсаулығын, т.б. әлеум. жағдайын қорғауға арналған Бөбек қоры жұмыс істейді. Бұл қорға дүние жүзінен түскен қаржы есебінен еліміздің ірі-ірі қ-ларында балалар санаторийлері, балалар қалашықтары салынды. Нарықтық экон-ға көшу кезеңінде халықтың, әсіресе, ауыл тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту мақсатында арнайы қор құрылды. Оның есебінен әрбір тұрмысы нашар тұрғынға 400 АҚШ доллары мөлшерінде көмек көрсету көзделген. Қазақстандағы зейнеткерлік қорлары, медициналық сақтандыру қоры т.б. да осындай қорларға жатады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *