Тарақты

Тарақты—орта жүз құрамындағы ру. Тарақты ежелгі одақтар мен мемлекеттердің құрамына енуі жайында әдебиетте деректер кездеспейді. оның шығу тегі жөнінде қазақ шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойынша Ақжолдан: Қыпшақ, Арғын, Найман, Қоңырат, Керей, Тарақты, уақ, Тарақтыдан: Апай, Тоқтауыл, Қыдыр, Жәші (Жасши), Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ, Алакөз, Шәуке, Әлеуке, Көгедей болып он екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақтыны Арғын руына жатқызады. Тарақты Қазан төңкерісіне дейін орталық Қазақстанның Ақтау, Қызылтау, ортау мекендерін, Жоғарғы Сарысу, Көктің көлі, Есіл, Нұра өзендерінің бойын мекендеген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Тарақтының Наймантай, Байғозы батырларының есімдері аңызға айналған. ұраны—Жауғашар, Байғозы, тарақ таңбалы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *