Қарақалпақ

Қарақалпақ—түркі тілді халық. Қарақалпақ халқының этногенезі Сырдарияның сағасы мен Арал жағалауы даласын мекендеген тайпаларға тығыз байланысты. Қарақалпақтардың көпшілігі 17 ғасырда және 18 ғасырдың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеген. Қарақалпақтар қазақтың Кіші жүз хандарына тәуелді болды. Көрші тайпалардың тынымсыз шабуылына ұшыраған қарақалпақтар 1742 жылы орынбор мен Петербургке өз өкілдерін жіберіп, орыс мемлекетінің қарамағына кіруді өтінді. орыс үкіметі олардың тілегін қабыл алды. Сол үшін 1743 жылы қазақ ханы Әбілхайыр қарақалпаққа жорық жасады. осының нәтижесінде қарақалпақтардың көпші лігі 18 ғасырдың 2-жартысына таман Сырдарияны тастап, оның батыс атырауына құятын Жаңа дария бойына қарай ойыс ты. 18 ғасырдың аяғында Хиуа хандарының жорықтары күшейді. олар 1811 жылы Қарақалпақтарды жаулап алып, Амударияның сағасына көшірумен тынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *