Кіші жүз

Кіші жүз—Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын олардың көпшілігі Батыс Қазақстан өңірінде құрылған Ноғайлы ханды ғының одақтасы болды. оның құрылуына ішкі себептермен қо са сыртқы дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен. Ноғай ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты Кіші жүз қазақтары ел арасында «Кіші жүз—Алшын» атанған. оның құрамына он екі ата Байұлы (Адай, Алшын, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Масқар, Таз, Есентемір, ысық,
Қызылқұрт, Шеркеш), Жетіру (Табын, Тама, Кердері, Керейт, Жағалбайлы, Телеу, рамадан), алты ата Әлімұлы (Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Кете, Шөмекей, Шекті) рулары енеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *