АРМСТРОНГ НИЛ

АРМСТРОНГ НИЛ (1930 ж.т., Уапаконете (шт. Огайо) АҚШ астронавы, Айға ең алғаш табан тигізген адам (21 шілде 1969 ж.). Жас кезінде авиамодельдеу спортымен айналысқан. 1949 ж. әскери- теңіз уч-щесін (Флорида штаты), 1955 ж. Пердью атынд. ун-тті (Индиана штаты) бітірген. 1955 — 62 ж. Эдуардс авиация базасы (Калифорния штаты) мен АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі басқармада (НАСА) сынаушы ұшқыш болды. 1962 ж. НАСА орталығындағы астронавтар құрамына қабылданды. 1966 ж. астронавт Д. Скоттпен бірге “Джемини-8” ғарыш кемесінің командирі болып Жер төңірегінде ұшты. 1969 ж. 1624 шілдеде “Аполло-11” ғарыш кемесінің командирі ретінде адамзат тарихындағы тұңғыш Айға ұшу сапарына (астронавтар Э. Олдрин және М. Коллинзбен бірге) қатысты. Э. Олдрин екеуі Ай бетінде 21 сағ 36 мин. болып, ғыл,- зерт. жұмыстарын жүргізді. Астронавтардың Айға сапары 8 тәул. 3 сағ 18 мин-қа созылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *