Арғын

Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қо нысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежелден келе жатқанын орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтайды. Қазақ шежіресінде Ар ғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөлінеді. Бәй бішеден тарағандар «Бес мейрам» аталып, Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (қозған), Шегендік (Қақсал), Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «Жеті момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *