Өзіндік сана

сана – мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға зейінділікпен жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді.

4.Жеткіншектің қатынас іс-әрекетінде өзіндік сана қалыптасып, негізгі
жаңа құрылым — әлеуметтік. сананың ішке аударылуына мүмкіндік туады.
Сондықтан, өзін «мен» ретінде ұғынуы, тұлғаның өзіндік санасының дамуы, өз
бетінше шынайы іс-әрекеттің субъектісі ретінде, өсу үрдісінде орын алады.

5.Өзін-өзі тәрбиелеу күрделі реалды үрдіс және бұл құбылысты зерттеу, оның өтуінің объективті заңдылықтарына негізделген. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нақты логикалық құрылыммен сипаталады.

6.Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде зейін механизмдерін зерттеудің практикалық маңыздылығы ерекше.

7.Жеткіншектердің зейін қасиеттерін: шоғырлануын, тұрақтылығын және іскерлігі мен іс-әрекеттерінің деңгейін анықтау, олар оқу-тәрбие жұмысына, өзін-өзі тәрбиелеуіне нақты кеңестер беруге мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерінің байланысы және талаптану деңгейін, өзін-өзі бағалауды анықтау арқылы нақты зейін касиеттерінің деңгейлері зерттелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мен зейін қасиеттерінің теориялық негіздері және эксперименталды зерттеулердің мүмкіндіктері қарастырылды. Солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға және педагог-психологтарға нұсқау кеңестер ұсынылды.

Жетекші идея

Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзіндік санасымен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысты. Өзіндік сананың нәтижелігі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен өзін-өзі бағалауды ескеріп, оқу-тәрбие шараларын арнайы ұйымдастыруға тәуелді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне Л.С. Выготскийдің (мәдени-тарихи теориясы), А.Г. Спиркиннің (сана және өзіндік сана тұжырымы), Ч. Кулидің, Дж.Г. Мидтің, Д. Бемдердің (өзіндік сана және оны қалыптастыру туралы теориялары), В.И. Селиванованың, А.Г. Ковалевтің, Л. И.Рувинскийлердің (өзін-өзі тәрбиелеу туралы теориялары), Б.П.Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің және Ж.Ы Намазбаеваның (тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері), Н.Ф. Добрыниннің (зейінді эксперименталды зерттеулері) басшылыққа алынды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:

-өзіндік сана мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық мазмұны ашылды;

-өзін-өзі тәрбиелеуде зейін қасиеттерін дамытудың практикалық
мүмкіндіктері талданды;

—   зейін қасиеттерінің өзін-өзі тәрбиелеуде алатын орны мен дамытуға қажет ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді;

—   зерттеу мақсатына байланысты әдістер мен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді;

-өзін-өзі   тәрбиелеуде   қолданылатын   психологиялық   мүмкіндіктер
оқушыға, ата-аналарға және педагогтарға, нұсқау-кеңес түрінде құрастырылып ұсынылды.

Зерттеуде қолданылатын әдістер мен әдістемелер: Шварцландердің «Талаптану деңгейін анықтау», Будассидің «Өзін-өзі бағалау» әдістемелері;

-Мюнстерберг-Дворяшина және Бурдонның «Корректуралық сынақ»
эксперименталды әдістемелері;

-практикалық зерттеуде алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуде χ2критериінің деңгейін анықтайтын әдіс;

-әңгімелесу әдісін кейбір мәселелі жағдайларды толықтыруда қолдану.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, кестелерден (диаграммалар мен гистограммалардан), суреттерден, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *