Социал-утопистердің концепцияларындағы либералды экономиканың реформалануы.

 Социал-утопистердің концепцияларындағы либералды экономиканың реформалануы.

 

Буржуазиялық саяси экономияның классикалық сипат ала бастаған ғылыми бағыты капиталистік өндіріс тәсілінің туындап орнығу шағында қалыптасты.

Капиталистікқарым қатынасауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіп саласында да дамыды. Мануфактуралық өндіріс тоқыма және тау-кен саласында, кеме құрылысы мен металлургия және мақта-мата өнеркәсіптерінде дами түсті.

Сыртқы сауда капитал салымының маңызды саласына айналды. Англия сыртқы сауда рыногында Испания Голландия мен Францияны ығыстыра отырып езініь, отаршылдық империясын құрды. Отаршылдық талан-тараж ағылшын буржуазиясының байлық көзіне айналды.

Маркс XVII ғ. ағылшын революциясындағы буржуазияның жеңіске жетуін жаңа құрылыстың жеңісін білдірді, деп атап көрсетті. Капитал экономиканы өз ырқына көндіре отырын қоғамдық қарым-қатынастарды өзгеріске ұшыратты. Осы уақытқа дейін сауда саласында меркантилизм үстемдік құрып келген болса, енді мануфактуралық капитализмнін, қалыптасуымен табыстың жаңа көздері пайда болды.

Сауда капиталы мен өнеркәсіп капиталының арасындағы үстемдік жолына бағытталған тартыс-теория мен практиканың қарама-қайшылықтарына жалғасты. Өнеркәсіптің қарқынды дамуымен сауда капиталын өзіне бағындырған өнеркәсіп капиталының үстемдігі, бұған дейінгі қалыптасқан меркантилистік көзқарастардың өзгеруіне әкелді. Капиталистік өндірістің феодалдық өндірістен артықшылығын негіздеуші өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері қажет болды. Бұл міндетті классикалық буржуазиялық саяси экономия атқарды. Ол жөнінде Маркс   бұл мектептің міндеті «тек   буржуазиялық өндірістік қатынастарда байлықтың қалай жасалатындығың өндірістік қатынастарды заңдылықтар меч категориялар түрінде көрсете отырып, қоғамдық байпықты жасаудағы бұл заңдар мен категориялардың   феодальдық қоғамнык заңдылықтары және категорияларымен салыстырғанда әлдеқайда ыңғайлылығын дәлелдеп көрсетуінде»,-депжазды

Сауда саласының сыртқы көріністерін тұжырымдаумен ғана щектелген меркантилистермен салыстырғанда классикалык мектептің өкілдері феодализмді алмастырған капитализмнің ішкі экономикалық байланыстарын зерттеуден бастады. Олар материальдықөндірісті зерттеді. «Қазіргі саяси экономия өзінің аіынайы ғылыми бастауын теориялық зерттеудің айналыс саласынан өндіріс саласына ауысуынан алады»,- деп жазды К.Маркс.

Сонымен қатар ол «классикалық саяси экономия деп, мен өндірістің буржуазиялық қатынастарының ішкі байланыстарын зерттеген У.Петтиден басталатын бүкіл саяси экономияны түсінетіндігімді біржолата ескертемін» деп, осы мектептің маңыздылығын атап көрсетті.

Ағылшынның классикалық буржуазиялық саяси экономиясының негізін салушы У.Петти болды(1623-1687). К.Маркс оның экономика ғылымына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалап, оны «нағыз ғұлама экономист-зерттеуші»,- деп атады. Сонымен қатар К.Маркс оған «ағылшынның саяси экономиясының атасы», — деген атақ берді.

У.Петти көзқарастарындағы меркантилизм идеясын мынадай жағдаймен түсіндіруге болады: Англияда сол кездері Францияға қарағанда капиталистік қатынастар тез ұлғайып, сауда, ақша айналысы жылдам дамып өсті. Сонымен катар Англияның өнеркәсіп өндірісінің дамуы жағынан да өзге Еуропа елдерінен көш ілгері болуы, капитализм экономикасын теориялық жағынан талдауға қолайлы жағдай жасады. Осы жағдайлардың бәрі Петтиге жаңа ғылымның көшбасшысы болуына себебін тигізді.

Петтидің қаламынан көптеген еңбектер жарық көрді: «Салымдар   және   алымдар   туралы   трактат» (1662), Даналардың сөзі»(1664),  «Ирландияның      саяси анатомиясы» (1672), «Саяси арифметика»(1676), «Ақша туралы -түрліойлар» (1682). Оның алғашқы еңбектері саяси экономияны негіздеуге алған және белсенді сауда айналымын (балансын) дәріптейді. «Саяси арифметика» деген еңбегінде Петти меркантилизм идеясын қатты ұстанады: «өндірістің және сауданың басқа түріне қарағанда, ел үшін алтың күміс, басқа да құнды тастардың қорлануына жағдай жасайтын сыртқы сауда мен сондай тауарларды өндірумен айналысу тиімді»,-дейді ол.

Меркантилист ретінде ол бір жағынан мемлекеттің экономикаға араласуын қолдаса, екінші жағынан бұл араласудың өндірісті дамытуға ықпал жасау керектігін айтады

Петти экономикалық құбылыстардың сыртқы көріністерінен гөрі оның ішкі себеп-салдарлы байланыстарын ашуға тырысты. Сондықтан ол саяси экономиядағы ғылыми абстракция тәсілін пайдалануға жол ашты. Айналыс саласын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, шаруашылықтың негізін өндіріс саласы құрайтынын түсінді. Көпестер «ешқандай өнім шығармайды,- деп жазды У.Петти, — мемлекеттің денесіндеп қан мен нәрлі сусындарды, әсіресе ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдерін әрі-бері қуып белушінің ролін ғана ойнайды».  Оның бұл ойынан қоғамдық байлықтың саудада емес, материалдық өндіріс саласында жасалатындығын аңғару қиын емес.

Петти- құнның еңбектік теориясының негізін салушы. Құнныңнегізін құраушы, құндыжасайтынеңбекекендігітуралы Еуропада алғаш рет тұжырым жасады.

Өзінің «Салымдар мен алымдар туралы трактат» деген еңбегінде ол, «нан мен күмістің белгілі бір мелшерін ендіруге соншалықты еңбек мөлшері жұмсалады, сондықтан да тауарлардың бір-біріне тең болуы, олардағы бірдей еңбек мөлшерінің жұмсалғанд ығында,- деп түсіндіре келе, тауардың құны еңбек түрінің әр-түрлілігімен емес, оны өндіруге жұмсалған жұмыс уақытымен өлшенеді»,- дейді.

Петти сұраныс пен ұсыныстың ара қатынастарынан өзгеріп отыратын тауардың нарықтық және табиғи бағаларын ажырата білді. Мұны ол саяси бағамен түсіндірді. Сонымен қатар Петти тауар бағасының негізін «табиғи баға», немесе құн құрайтынын тұжырымдай білді. Тауардың құнын ол тек ақшалай нысанда қарастырды.

Құн заңын нақты емірмен байланыстыру жолында У. Петти мынадай қанатты сөз қалдырды: «Байлықтың әкесі-еңбек, шешесі жер».

Петти тауардың екі жақтылы қасиетін көре алмады. сол себепті ол тауардың тұтыну құны мен құны, нақты және абстрактылы еңбектердің арасындағы айырмашылықтарды ажырата алмады. Дегенмен оның осы қайшылықтарының езі классикалық саяси экономияның құн проблемаларын шешудегі ізденістерінде жоғары маңыздылыққа ие болды.

Петти жалақыны жұмысшының өзі мен отбасының күнкерісі үшін ең теменгі ақшалай алатын еңбегінің бағалануы деп сипаттады.Жалақы деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым жұмысшы бар күш-жігерімен еңбек етеді деп есептеді.

Құнның еңбектік теориясына сүйене отырып Петти жердің құны туралы маңызды қадам жасады. Жер құнын ол рентамен тьғыз байланыста қарастырды. Оның пікірінше жердің құны капиталдандырылған рента, яғни белгілі бір жылдар үшін алынатын жылдық рента сомасы. Оның есебінше жердің құнын үш ұрпақтың(әкесі, баласы, немересі) бірлесіп өмір сүру үзақтығымен анықталатын жылдық рента мөлшері құрайды: бұл шамамен 21 жыл, яғни әкесі(50 жыл), ұлы(28 жыл), немересі(7 жыл).

Рента теориясымен тығыз байланысты қарыз процентін ол «ақшалай рента» түрінде қарастырады және процентті жер рентасынан туындайтын табыс түрінде көрсетеді.

Өзінің «Ақша туралы әр-түрлі ойлар» еңбегінде ол процентті арендалықтөлемге теңейді, әрі оны заңжүзінде реттеп отыруға қарсылық білдіреді. Рентаны Петти капиталистік табыстың жалпылама түрі деп санағандықтаң проценттің де негізін содан іздеді. Капиталистік қатынастардың әлі дұрыс даму алмағандығынаң қарыз процентінің пайданың бөлек бір түрі екендігін қарастыра алмады.  

Франциядағы классикалық саяси экономияның дамуы П.Буагильбердің атымен байланысты (1646-1714). Ол «Франциядағы бөлшек сауда», «Астықтың еңделу табиғаты, оның саудасы және пайдасы туралы трактат», «Байлықтың табиғаты туралы ойлар, ақша және салықтар» туралы еңбектердің авторы. П.Буагильбер Людовик ХІУ-ң кезінде жоғарғы сот және лауазымды қызметтер атқарды.

П.Буагильбер Франция елінің экономикалық жағдайының қайыршылық деңгейге жетуіне, әсіресе француз шаруаларының мүшкіл халіне меркантилистерді кінәлі деп санады.

П.Буагильбердің пікірінше, үлт байлығы ақшада емес, пайдалы іспен айналысуда, яғни ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде деп есептеді. Сондықтан да ауыл түрғындарының жағдайын жақсартып, шаруаларды қанауды қысқарту, ауыл шаруашылығына жәрдемдесу керек деген пікірді үстанды. Ол колбертизмнің экономикалық доктринасына қарсы болды.

Қоғам байлығы туралы меркантилистердің пікіріне қарама-қарсы бағытты үстана отырып, оның негізін ауыл шаруашылығынан іздеді әрі қоғам байлығын түтыну құндарының сомасы ретінде қарастырды. Оның пікірінше, ақша үнемі қозғалыста болуы қажет, ол тек айырбас құралы рөлін атқаруымен шектеледі.

П.Буагильбер экономикалық теорияның маңыздылығына назар аударды. У.Петтиден тәуелсіз ол құнның еңбектік таориясының негізін салды. Сондықтан да ол Франциядағы классикалық саяси экономияның негіздеушісі болып есептеледі. Буагильбер нарықтық баға мен «таза құнды» ажырата білді. Егер нарықтықбағаны- кездейсоқдеп есептесе, «таза қүн» заңды құбылыс, ол тауарды өндіруге жұмсалған еңбекпен анықталатынын білді. Оның шамасын Буагильбер жұмыс уақытымен анықтады. Буагильбердің ойынша қүн бірдей еңбек шығындарын білдіретін тауарлардың айырбас пропорциясы ретінде көрінді. Тауардың тауарға айырбасталуы осы тепе-теңділіктің сақталуын қамтамасыз етеді және бұл айырбас еркін бәсекелестікте дамиды деген ойды түжырымдады.

Құнның тауарлы және ақшалай түрлерінің арасын ажырата алмағандықтан П.Буагильбер ақша туралы қарсы пікірлерді қалыптастырды. Оның пікірінше. ақша «жалпы жазалаушы», «адамзатқа қарсы үрыс ашатын» барлық жаманшылықтың бастамасы ретінде қалыптасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *