ГАНА

ГАНА (Ghаnа), Гана Республикасы (Republic of Ghana) — Батыс Африкадағы мемлекет. Британ Ынтымағына кіреді. Батысында Піл сүйегі жағалауымеп, солтүстік-батысы мен солтүстігінде Жоғары Вольтамен, шығысында Тогомен шектеседі. Оңтүстігінде — Гвиней шығанағы. Жері 238,5 мың км2, халқы 25,1 млн. (2013). Астанасы — Аккра. Әкімшілік жағынан 8 облысқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Гана — республика. Қазіргі конституциясы 1969 жылы 22 тамызда қабылданған. Мемлекеттік басшысы — президент; ол жанама сайлау жолымен 4 жылға сайланады. Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы да. Мемлекеттік советтің 16 мүшесі бар. Заң шығаратын жоғары органы — бір палаталы Ұлттық жиналыс, ол жалпыға бірдей төте сайлау жолымен 5 жылға сайланады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосьі берілген. Үкіметті премьер-министр басқарады, оны және министрлерді (министрлер саны 21-ден аспауға тиіс) президент тағайындайды. Гананың сот жүйесі Жоғарғы сот, апелляциялық сот, мәртебелі сот (жоғары сот), округтық және жергілікті соттардан құралады.

Табиғаты. Гана солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуіндегі саванналар мен селдір орман және ылғалды тропиктік орман зонасында орналасқан. Жері негізінен жазық болып келеді; жағалауды бойлай ені 15 км-дей ойпат жатыр. Оңтүстік-шығысында Аккра жазығы, оңтүстік батысында Акан ойпаты, орталық бөлігінде Ашанти үстірті, солтүстік бөлігінде — Ва және Мампруси жазықтары бар.

Климаты — экваторлық-муссондық; оңтүстік-батысында экваторлық климатқа ұласады. Ең жылы ай – наурыздың орта температурасы 27°-32° С; ең салқын ай – тамызда 23-26°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері әр өңірде әр түрлі: 650 мм-ден 2 000 мм-ге дейін. Ең ірі өзені — Вольта. Гана жерінің 60%-і осы өзеннің алабында. Басқа езендері: Пра (Офин, Бирим салаларымен), Анкобра, Тано. Ганада жалғыз ғана Босумтви көлі (аумағы 34 км2, тереңдігі 71 л) бар. Вольта өзенінен Акосомбо СЭС-і салынған.

Жерінің басым көпшілігі — саванна ормандары мен шөбі биік өсетін саванна; 10%-ке жуық жері — орман; жағалаудағы өңірде бұта өседі. Пальма көп. Жері негізінен қызыл-сары және қызыл латерит топырақты. Ормандары мен саванналарында арыстандар кездеседі. Буйвол, гиппопотам, қабылан, маймылдар, көптеген шөп коректі жануарлар мекендейді. Құстың алуан түрі бар.

Халқының 73%-і гвиней тілі тобына жататын халықтар. Олардың ішінен сан жағынан көбі — акан халқы (3,7 млн., 1967). Ресми тілі — ағылшын тілі; бірақ бұл тілде сөйлеушілер аз.

Халқының көпшілігі акан тілінде сөйлейді. Халықтың 78%-і жергілікті дәстүрлі діни нанымға сенеді, 17%-тейі христиандар, 5%-тейі мұсылмандар. Халықтың жылдық орташа өсімі 2,7%; орта тығыздығы 1 км2-ге 3,6 адамнан келеді. Қала халқы 23%-ке жуық. Ірі қалалары: Аккра, Кумаси, Секонди-Такоради.

Тарихы. Гана жерінен палеолит және неолит дәуірінде жасалған тас құралдардың (балта, қырғыш т. б.) табылуы бұл аймақта адамның көне заманда пайда болғанын дәлелдейді. 14 ғасырдың аяғында, европалықтар барғанға дейін Гана халықтары шаруашылық пен мәдениеттің біршама жоғары даму сатысына жетті. Олар құрылықтың шалғай мақтарымен керуені қолөнер арқылы жасады. Қазіргі Гана жерінде феодалдық типтегі көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. 17-18 ғасырларда олар бір орталыққа бағынған ірі мемлекеттік құруға талпынды, бірақ европалық мемлекеттер бұған мүмкіндік бермеді.

Гана жеріне алғаш португалдықтар келіп, 1482 жылы Эльмина бекінісін салды. Олар бұл арадан көп алтын (елдің «Алтын Жағалау» аталуы осыдан) және құлдар әкетті. Алтын Жағалаудың байлығы Голландия, Дания, Швеция, Пруссия, Англияның назарын аударды. Англия өз бәсекелестерін бірте-бірте ығыстырып, 19 ғасырдың басында Алтын Жағалауға орнығып алды. Жергілікті халық отаршылдарға күшті қарсылық көрсетті. 1896 жылы Ұлыбритания Гана жеріндегі бір орталыққа бағынған Ашанти мемлекетін басып алды. Отарды ағылшын губернаторы басқарды. Ағылшын монополпялары бұл елден пайдалы кендер ашып, алтын, алмас т. б. тасып әкетті, сонымен қатар елдің өңдеу өнеркәсібінің дамуына кедергі жасады. Ауыл шаруашылық какао өсіруге ғана бір жақты мамандандырылды. Отарлық тәртіпке қарсы күресті алғашқыда феодалдық басшы топтар басқарды. Олар негізінен, ағылшын өкіметінің Гананың жер және орман байлығын ағылшын тәжінің меншігі деп жариялауына қарсы шықты. 1920 жылы Британ Батыс Африкасының Ұлттық конгресі құрылуына байланысты, ұлттық қозғалыстың жаңа кезеңі басталды. 1925 жылы Ұлттық конгрестің қысымымен ағылшын өкіметі жаңа отарлық конституция енгізуге мәжбүр болды. 2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін Ұлт-азаттық қозғалыс қанат жая түсті. 1945 жылы Алтын Жағалау Кәсіподақтарының конгресі, 1947 жылы ұлттық ұйым — Алтын Жағалаудың Біріккен конвенті құрылды. Конвент елге тәуелсіздік беруді талап етті. 1949 жылы маусымда Кваме Нкруманың инициативасымен Конвенттің Халық партиясы (КХП) құрылды. Партия тезірек тәуелсіздік алу мақсатын көздеді. 1950 жылы отаршылдарға қарсы ереуілдер мен демонстрациялар болды. 1951 жылы сайлауда жеңіп шыққан КХП партиясы Кваме Нкруманың басқаруымен отарлық үкімет құрды. 1957 жылы 6 наурызда Алтын Жағалау тәуелсіз ел деп жарияланып, жаңа мемлекеттік Гана (Батыс Судандағы орта ғасырлық Гана мемлекетінің атымен) деп аталды. Алайда 1957 жылғы конституция бойынша ағылшын королевасы мемлекеттік басшысы саналып, ағылшын генерал-губернаторы оның Ганадағы өкілі болып қалды. 1957 жылы 8 наурызда Гана БҰҰ-ға қабылданды.

Гана үкіметі елдің экономикасын қайта құру жоспарын жүзеге асыруға кірісті, ұлттық ақша жүйесін (1958) енгізді, ұлттық қарулы күштерін құрды, сыртқы саясатта позитивтік бейтараптылық бағыт ұстады, социалистік елдермен дипломатиялық қатынас орнатты, экономикалық және мәдени келісімдер жасады. 1959 жылы Гана СССР-мен дипломатиялық өкілдіктер алысты. 1960 жылы Гана мен СССР экономикалықжәне мәдени ынтымақ туралы келісімге қол қойды. Совет үкіметі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту үшін Ганаға ақша қарыз берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *