Тоқтамыс хан

Тоқтамыс хан (т.ж.б.—1406)—Алтын орда ханы. ХІV ғасырдың 70-жылдары елінен қашып, Әмір Темірді паналады. Әмір Темірдің қолдауымен Сығанақтың, көп ұзамай Алтын орданың тағына отырады. Мысырмен дипломатиялық қа рымқатынас орнату үшін елші жібереді. 1382 жылы Мәскеуді басып алып, өртеп жібереді. Әмір Темірге бағынудан бас тар тып, өз қамқоршысына қарсы шығады. Әмір Темірдің жұмсауымен 1399 жылы Темір Құтлық пен Едіге бастаған қол Тоқтамыс хан әскерлерін талқандайды. 1406 жылы Едіге қолынан қаза табады. Едіге мен Тоқтамыс арасындағы соғыстар тарихи жырларға арқау болып, халық жадында сақталып қалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *