Майқы би

Майқы би (Байқы, Байки, Байқу т.—ө. ж. б.)—ежелгі қазақ қоғамында аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Әділ билігімен, шешендік сөз өнерімен түркі халықтары арасында кең тараған. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны б.з.б. үйсін мемлекетінің билеушілерінің бірі деп есептейді. ол Майқы би Мәнұлы деген атпен б.з.б. 178-1789 жылдары өмір сүрген және, аңыз бойынша, би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (шамамен 11051225 ж.ж.) Шыңғысханның замандасы әрі оны хан көтерген
12 бидің ішінде болған. Парсы тарихшысы рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» атты шығармасында (қошындық Байку деген атпен) Майқы бидің Шыңғысханның ел басқару ісіне көмектесетін оң қолы, ақылшысы, бас биі болғаны, ХІІІ ғасырда Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскері нің оң қанатын басқарғаны айтылады. Кейбір халық аңызда рында Майқы би орманбет би өліп, он сан ноғайлы елі бүлін генде қазақ ұлысын құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-би болғандығы айтылады. Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі және Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы айтылады. Шежіре деректері бойын ша, Ақарыстан (ұлы жүздің арғы атасы) ұзынсақал ыбы райым, одан Кейкі би, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Кейбір шежірешілер Майқы биді барша үйсіннің бабасы етіп, ұлы жүздің шежіресін содан таратады. Халық тың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қоғамдық қару етуде Майқы бидің алатын орны ерекше. Халық арасында кең тараған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы— Майқы би» деген мақал бар. Майқы би түркі халықтары әлі бөлінбей тұрған кезде өмір сүрген әрі әділдігімен, шешендігімен жалпытүркілік қайраткер дәрежесіне көтерілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *