Қыдыр баба (Хызыр)—көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ. оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қыдыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерт тесе, кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Қыдыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Қыдыр баба [Хызыр]—ел аралап жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әртүрлі қиындықтардан қорғаушы.