Жәнібек хан


Жәнібек хан (т. және ө. ж. б.)—ХV ғ-да өмір сүрген қазақ ханы, мемлекет әрі қоғам қайраткері, көреген саясаткер, шешен. Немере ағасы Керей сұлтанмен бірігіп, Қазақ хандығының негізін қалаған. Алтын орданың билеушісі Барақ ханның баласы. 1450-60 жж. Керей сұлтан екеуі өзбек ұлысының қазақтарын бастап, уақытша Моғолстанға (Жетісуға) көшіп келіп қоныстанған. Екеуінің соңынан ерген жұрты осыдан кейін «қазақ» аталып, қазіргі ұлттың этнонимі қалыптасқан. «Қазақ» сөзі көне түркі тілінде «азат, ерікті, тәуелсіз» деген мағына берген. Қазіргі түркі тілдері: башқұрт, ноғай, құмық тілдерінде «қазақ» әлі де сол мағынада қолданылады. Кейін бүкіл хандыққа телінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *