Домалақ ана

Домалақ ана (Нұрила) (шамамен б.з. VІ-VІІ ғ.ғ.)—тарихи тұлға, халықтық шежіреде ұлы жүз бірлестігі кейбір рула рының түп анасы, абызы ретінде баяндалады. Аңыздарда Дома лақ ана—түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Әкесі Әли Сылан, анасы Нұрбике деп айтылады. Бәйдібек биге тұрмысқа шығып, ақылдылығымен, даналығымен, тазалығымен елге танылады. Бір аңыз бойынша, түп тегі түрікпен Қара Хайдар Домалақ ананың даналығына тәнті болып, «Диһнат мама» (парс.—Әулие ана) деп атапты-мыс. уақыт өте келе тілдің дыбыстау заңдылығына орай өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Домалақ ана ел арасындағы ушыққан дау, асқынған араздықтың бейбіт шешімін табуға үлес қосқан. Ел билеген азаматтардың өзі кейбір келелі мәселелерді шешерде Домалақ анамен кеңесіп отырған. Домалақ анадан тараған ұрпақтарының бәрі де біліммен, ақылымен көзге түсіп, ел билеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *