Бөрте қошын

Бөрте қошын (1154-1230/31)—Шыңғыс ханның әйелі, Қоңырат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішіндегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) Қоңырат еліне ертіп барып, ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады. Көп ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қалып, көптеген қиыншылықтарды бастан өткізеді. Тек ержеткеннен кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып қайтады. осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер ша буыл жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әкесінің андасы керей хандығының ханы Тұғырыл (уән хан) мен жажират руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөртені босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелінен туған балалары арасында Бөртеден туған төрт ұлын өз мұрагер лері ретінде таныған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *