Бәйдібек Қарашаұлы

Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6-7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген)—қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық және этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген тарихи тұлға. Шежіре бойынша, ұлы жүздің үйсін бірлестігі құрамындағы албан, суан, дулат, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпаларының түп атасы. Бәйдібектің есімі жазба деректерге аз кездескенімен, халық жадында жақсы сақталған. ол дәулеті шалқыған байлығымен, ұлысты басқарған парасаттылығымен белгілі. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. Мұхаммед Хайдар Дулат (1499-1551) «Тарих-и рашиди» атты тарихи шығармасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12-13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екенін, одан бері қарай «…бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып», елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты дәлелдер келтірген. Бірақ Бәйдібек бидің әкесі Қараша (шамамен 530-604) жайлы Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. Халық жадындағы көп деректер Бәйдібектің жеке өміріне байланыс ты. оның үш әйелі болған. Бірінші әйелі Сары бәйбіше Байтоқты атты ұл туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) дүниеге келеді. Екінші әйелі Зеріптен туған Жалмамбеттен Шапырашты, ошақ ты, ысты өрбиді. үшінші әйелі әулие Домалақ ана деген атпен белгілі Нұриладан Тілеуберді (ел арасында Жарықшақ немесе Жарықбас), одан Албан, Суан, Дулат тараған. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қа зір гі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқын шылар мен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған алты ұлы қаза тапқан. Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында «Алты Сарыбейіті» деген киелі жер қалған. Бәйдібек сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. 1998 жылы Бәйдібектің Қарахан дәуірі үлгісіндегі бұрынғы кесенесінің орнына Бәйдібек және «Қасиетті бес ана» тарихи ескерткіш кешені тұрғызылды. оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Алғабас ауданына Бәйдібек есімі берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *