Әбілқайыр хан (1693-1748)—қазақ ханы, мемлекет қайраткері, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны— өсектің ұрпағы, Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы деп айтылады. ХVІІІ ғасыр басында қазақ жерін басып алған жоңғар қалмақтарына қарсы бүкілхалықтық соғысты ұйымдастырушылардың бірі болды. Ел басқаруда көрегендігімен, батырлығымен, шаруашылықты ұйымдастыра білуімен аты шыққан. Қазақ-қалмақ қарым-қатынастарын ел пайдасына шешу үшін ресей империясынан әскери көмек сұрап Сібір губернаторы М.П.гагаринге хат жолдаған. 1726 жылы ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыздықтың, сыртқы жаулардан келетін қауіптің азаймауына байланысты Әбілқайыр қарамағындағы ру-тайпалар басшыларының келісімімен 1731 жылы қазан айында Кіші жүздің және орта жүздің кейбір руларын ресей империясы қарамағына саяси серіктес, тату көрші ретінде кіру туралы шешім қабылдаған. ресейге қарамағына кіруге ниет білдіре отырып, қазақ халқының саяси тәуелсіз ел ретінде дамуы үшін күш қайратын аямады. 1748 жылы ор бекінісі маңында Әбілқайыр ханды орта жүздің сұлтаны Барақ қастандықпен өлтірді. Сүйегі Қабырға өзенінің ұлқұяққа құятын тұсында қойылып, басына мазар тұрғызылған.