КЕРЕЙТ РУЫ

КЕРЕЙТ РУЫ
 Керейт руы
Кезінде ел ішінде Еспембет ұрпағын—«ойық таңбалы Керейт», ал Доспембет (елдер оны Қоспембет деп атап кеткен) ұрпағын «Тілік таңбалы Керейт» деп атаған. Себебі ел ішіндегі аңыз әңгіме бойынша сол тұста елде «Құла айғырлы Күреңсақал» деген жау шығып, оған қарсы шыққан Бозаншардың балалары түгелдей өліп, өзі аман қалады. ол кемпірі Болған екеуі тау-тастың үңгірлерін паналап, күнелтіп отырғанда бұлар дың қасына бірнеше аттылы адамдар келіп, қонақ болады. Бозаншар кемпірімен кеңесіп, бұзаулы сиырын сойып, оларды қонақ етеді. олар кетерінде батасын беріп: «Тілектеріңді Алла қабыл етер, келер жылдары екі ұлды боларсыңдар, бірінің атын Есмұ ха мед, екіншісінің атын Досмұхамед қойыңдар! Қазір біз дер кеткен соң, ақсарбас қойлар шұбырып келер, соларға ен сала беріңдер, балаларыңның еншісі сол болады»,—депті дейді.
Айтқандай-ақ қойлар шұбырып келе бастайды, ал қойларды ұстап алып, атамыз тілік ен, шешеміз ойық ен сала беріпті. Келесі жылдары олар арыстай екі ұлды болып, оларға сол қонақ болып кеткен пірлердің ұсынған есімдерін қойыпты. Бірақ ел аузында бірі—Еспембет, екіншісі Доспембет атанып кетіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *