ҚАРАСАҚАЛ РУЫ

ҚАРАСАҚАЛ РУЫ
Қарасақал
(І нұсқа)
Айнықтан бір бала—Сарбас жеке туады. Сарбас онның шамасында еді, ойламаған жерден қалмақтар шабуыл жасап, қамсыз үйде жатқан Айнық батырды қолға түсіріп, Сарбаспен екеуін алып кетеді. Күтініп отырғанда мың адамға бірі өзі болатын Айнық батыр қапылыста қалмақтың қолында кетеді. Қалмақтан әйел алып, төрт бала көреді. олар—өзден, өзбек, Майлы, Сайлы деген төртеу. олардың ұрпағы сонда, қалмақ ішінде, бір рулы ел болып отыр. Сарбас 61 жасында әйел, бала-шағасы на қарамай бір ре тін тауып, мында аман-есен қашып келіп, еліне қосылады. Әйел алады. одан—екі бала, Бақтыберлі, Была деген баланы көре ді. Міне, осы екі баладан өскен ұрпақтарды: «Сарбас қарасақал» деп атайды. «Қарасақал» деп атанудың мәнісі: Айнық ірі, арыстан кеуде, шомбал, алып күшті ба луан, батыр қапаса қалды қара кісі болған, содан «қарасақал» атанып кетеді.
Тегінболат туралы шежірешілер былай дейді: Әлім атамыз үлкейген шағында, есігінде жүрген жетім қызға неке салады. осыдан кейін ол қыз екіқабат болып, бір ұл туады. Атын Әлім атам: «Қартайғанымда Құдай бір ұлды тегін берді ғой!»— деп, Тегінболат деп қояды. ол 17 жасқа толғанда, Айнықты қалмақтар өлтіріп кетеді де, оның әйелін Тегінболат алады. Содан Пұсырман, Шіңір туады. Сондықтан Тегінболаттың ұрпағын да «Қарасақал» деп атаған.
Айнықтың «Қарасақал» деп атану мәнісі(ІІ нұсқа)
ол өте ірі, қапа сақалды, болуан денелі, батыр адам екен. Мөл-
дірдей қалың қара сақалына қарап жеңгелері «Қарасақал бала» атай бергендіктен, «Қарасақал атанып кетіп еді» дейді қарттар.
 [«Үш Қарасақал» атануы]
(ІІІ нұсқа)
Ал Айнық пен Тегенболат екеуінің бірдей «Қарасақал» деген жанама атының болуының мәнісі—Айнық сақалы үлкен кісі екен. ол дүниеден ертерек өтеді де, жесірін Тегенболат алады. Айнықтың баласы Сарбас және Тегенболаттың балалары Пұсырман мен Шіңгірдің жанама атпен «үш Қарасақал» атануының себебі де осыдан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *