ӘЛІМҰЛЫ

ӘЛІМҰЛЫ
[Әлім ата балаларының ру таңбаларын алуы]
(І нұсқа)
Әр рудың өз таңбасы болған. ол таңба сол рудың малын бірден тануға мүмкіндік берген. Сырт көз жайылып жатқан түлік ті көріп: «Мынау пәлен рудың малы екен»,—деп таниды екен.
рулық таңбалар Әлім аталарында да бар. олар жайлы кішкене әңгіме-хикаят мынадай: Әлім балаларының алдына аттарды әкеліп: «Ал өз таңбаларыңды басыңдар!»—дейді. Сонда үлкен баласы Жаманақ аттың сауырына айқасқан қос шек (X) салыпты. Содан «Шекті» атаныпты дейді. Бұл таңбаны баласының аттың сауырына салғанын көріп, Әлім ақсақал: «Балам, сауырлы ел боларсың»,—депті.
Енді кезек ұланақ—Сасықбайға келеді. ұланақ бір шетін жам басқа, төменгі жағын шідерлікке келтіріп шақпақ таңба салады. Сонда Әлім ақсақал: «Балам, сен де жанбастан қалмайтын болдың ғой!»—депті.
Кезек Қарамашаққа келеді. Қарамашақ келеді де, таңба сын сызық етіп аттың қабырғасынан сүбесіне (бұны «көсеу таңба» дейді) дейін тартып жібереді. Сонда Әлім ақсақал: «Балам, қабырғалы ел болатын болдың»,—депті.
Айнықтың таңбасы жоқ, ерте өледі. Ал Тегінболат—Қарасақалдың, Тойқожаның таңбаларын ұшырата алмадық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *