Он екі ата Байұлы ішіндегі Беріш руы туралы аңыз

2Он екі ата Байұлы ішіндегі Беріш руы туралы аңыз
…Беріш—Қыдырқожа байға келіп паналаған, байдың жалшылығында болған бір әйелдің ішінде келген бала. Себебі мынау: Алтай, Елтай деген ағайынды екі жігіттің ағасы жауда өлгесін, ағасының әйелі мен екеуі (Алтай, Елтай) Қыдырқожа байға жаудан қашып келіп, паналайды. Сол әйел қайнысы мен екеуі келгенде жүкті болып келіп, сонан ұл бала туып, атын «Беріш» қойыпты. Кейін сол әйелді Қыдырқожа алады. Беріштің «Қыдырқожа баласымын» дейтіні осы болар. Ал Қыдырқожаға тигесін «Таз» деген бала туады. Әйелдің қайны сы Елтайға Қыдырқожа қызын береді. онан «Адай» туады. Халық аузындағы «Беріш, Адай—бір кісі» дейтін осыдан алынған. Енді Есентемір байдың жылқышы екен. Жұмыс істеп, жағымды адам болғандықтан, оған әйел алып береді. «Жаппас— Қыдырқожаның әйеліне еріп келген күңнен туған бала»,—дей ді.
Сонымен, «он екі ата Байұлы» осымен аяқталады дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *