Қожамберді
(ІV нұсқа)
Енді Бала Қожамберлі «жайындағы бір ауыз сөз:
Бала Қожамберлі—үлкен Қожамберлінің баласы. оның мәнісі мынау: үлкен Қожамберлі Хиуа жанына сенімді жігіт болып, сонда жұмыс істеп жүрген кезінде түрікменнің бір бегінің әйелімен көңілдес болады. Мұны бек сезіп қалады да, Қожамберліні өлтіруге әрекет жасайды. Бектің бұл әрекетін Қожамберлі де біліп қалады да, өзінің сенімді жігіті Әбдірахыманға бекті өлтіртеді. Сосын Әбдірахыманды өзінің кенже інісі Сырлыбайға қосып, Сырға қашырып жібереді. өзі сонда қалады. Ақырында өзіне де қауіп төне бастайды. Содан соң қызметін тастап, өзі де Сырға қашып келеді. Хиуадан қа шар алдында түрікмен әйеліне: «Егер ұл тусаң, атын Қожамбер лі деп қой, қыз тусаң, кім деп қойсаң о деп қой, ерік өзіңде!»—деп айтып кетеді. Әйел ұл туады да, атын Қожамберлі деп қояды. Сол бала 18-ге толған соң әкесін іздеп Сырға келеді. Қожамбер лі бала әкесі Қожамберліні тауып алады да, осында қалады. Содан соң жұрт оны: «Бала Қожамберлі» деп атап кеткен. Содан соң Қожаберліден өскен ұрпақтар он шақты үйдей. Мұның бәрі де Мойнақтың ішінде тұрады. Бірақ басқа Қожамберлілер бұларды «Түрікмен Қожамберлі» деп атайды. 