Кіші жүз руларының Нәдірқожа мен Қыдырқожадан тарауы
Нәдірқожадан бел бала болмай, жеті бала да киімшең келген екен. Сол себепті бұл балаларды «Жеті ру» атапты.
Қыдырқожа ағайын ішінде бай болыпты. Қысырақтың бір үйірін сұлтанға, бір үйірін ханға соғымға беріп тұрған. Сондықтан мұның өркен-жараны «Байұлы» атаныпты.
Қыдырқожада төрт әйел болған екен. Бірінші әйелі Жанбикеден бала болмапты. Екінші әйелі—Күңіш, одан Ану ту ған. Бірақ Ану өліп кеткен. үшінші әйелі Тотан үш ұл туған: Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақытсиық. Төртінші әйелі—Айжан сұлу, кейде Анай сұлу деп те атайды. Қыдырқожа орта жүздегі Арғын Құба бидің Айжан сұлу деген қызын алмақ болып, құда түседі. «Бір қыз емес, үш қыз беремін, бұған ханның құдіреті жетер ме екен?»—депті би. осы Айжан сұлудан Беріш туған.
Адай Қыдырқожаның қызынан туыпты. Тоқтамыс ханды жау шауыпты, сол кезде Алтай Тоқтамыс жақтан қашып келіп, Қыдырқожаны паналапты. осы Елтай байдың қызымен ойнап қойған. Адай қыздың баласы деседі. Таз—Қыдырқожа ның күңінен туған. Күңнің аты—Моншақты. Қара күң екен дейді. Есентемірдің шын аты—Темір, ұлы жүзден кісі өлтіріп қашып келген де, Қыдырқожаны паналаған. Байдың жылқысын бір жұттан аман-есен алып шыққандықтан, Қыдырқожа оны «Есентемір» деп атап кетіпті.
Қыдырқожаның етек-жеңін жаппай жүретін ноғай қызы— күңнен туған баланың атын «Алтын» қойған. Қыдырқожаның күңі мен құлынан туған баланың атын «Жаппас» қойыпты. Алтын қыз бала болса керек. Жасырақ кезінде өліп қалған. осы Алтын аты — руы аты «Жаппаспен» қабаттасып, «АлтынЖаппас» болып та аталады.