Сүйіліш батырдың Бұхараға сапары жайлы
(ІІІ нұсқа)
Бірде Сүйіліш Бұхараның көшесімен келе жатып өлімге кесілген әлдебір адамға ара түсіп, хан алдына барып уәжден жеңіп, бейбақты өлімнен алып қалады. өзін өлімнен алып қалған Сүйіліш батырға әлгі адам қатты разы болып, өмірлік дос боп қалады.
Күндердің күнінде әлгі досы қатты ауырып, көз жұмар алдыңда Сүйілішке: «Сенің алдыңдағы достық қарызымның бодауы болсын, мал-мүлкім, жас тоқалыма өзің ие бола гөр!»— деп аманат етеді.
осылайша, досы өлген соң Сүйіліш батыр оның жас тоқалы-
на некелесіп, Бұхарада тұрып қалады. Арада бірер жыл өткенде Сауран, Қарашық, Түркістанға жау шапқанын естіген Сүйіліш батыр шыдап жата алмай, аяғы ауыр әйеліне Қоңыраттың босаға таңбасын сызып беріп: «ұл тусаң, өскесін мені Түркістан төңірегінен іздесін!»—деп, елге жедел жүріп кетіпті. Тағы да жалғыз қалған сорлы әйел күні жетіп, босанады. Баласының атын Шері деп қояды. Жалғыздығына, тағдырына қатты налыған аурушаң, әлсіз әйел көп қиындық көреді. Бала емес, күйік болды деп, баласын «Соркүйік» деп атапты. Кейін Соркүйік аты біртіндеп «Сұркиікке» айналып кетіпті. Сорлы анасы баласынан жасырған сырын тек өзі көз жұмар алдыңда ғана баяндайды. Әкесінің Қоңырат руынан екенін айтады, атының таңбасын сызып береді. «Іздей қалсаң, тек қана атақты көне Түркістан төңірегінен іздеу керектігін» айтып, жылап жатып қайтыс болыпты.
Көп ұзамай Сұркиік әкесін іздеп алыс жолға, ата-бабасының мекеніне сапарға шығады. Ғасырлар бойына сыр бермей толқып ағып жатқан атақты сұлу Арыс өзенінің бойында жортпас Құлшығаштан шыққан белгілі Кебекші батырдың атының сауырындағы Қоңыраттың босаға таңбасын көріп қалады. Жүгіріп барып: «Сіз Сүйіліш батыр емесіз бе»?—деп сұрайды. Ал Кебекші: «иә, сен іздеген Сүйіліш батыр мен боламын»,— деп баланы алдап, ауылына әкеліп, малын бақтырып қояды. оның «Жетім малай» аталып кетуі осы кезең екен. осылай бала алты айдай мал бағып жүреді. Қамыстан сырнай жасап алып, мұңды әндерді ойнауды әдетіне айналдырады. Бірде Сүйіліш батыр аң аулап жүріп қамыс арасынан сыңсыған сырнай дауысын естиді. Жақыңдап келіп қараса, жасөс пірім бала екен. Сол жерде жөн сұрасады. «Кімнің баласысың?» деген сұраққа: «Қоңыр атты Сүйіліш батырдың баласымын» дейді. Екеуі осылай кездей соқ құшақтасып табысады. Сүйіліш батыр ел-жұртын жинап үл кен той жасайды. иесіз қалған бір отар қойды қасқыр қырып кетеді. Мал ашуы—жан ашуы, Кебекші әкесі Есім ханға келіп шағым айтады. ол: «Сүйіліш батыр менің малайымды алып кетіп, бір отар қойымды қасқыр қырып кетті, төлесін!»—дейді. Бұны естіген Сүйіліш қатты қаһарланып: «Баламды алдап-арбап малға салғанымен қой май, енді қай бетіңмен ханға келіп отырсың?»—дейді. Хан екеуін де сабырға шақырып: «Туысқан адамсыңдар, дауды қойың дар!»— деп бітістіріпті. Тек бай: «Қалай болғанда да сенікі жөнсіз тірлік екен»,—депті. Сүйіліш батырмен жауласып опа таппасын сезе қойған бай,батырдың арқасынан қағып:
—Менің қателігімді, бір жолға кеш, не тілегіңді де орындайын,—дейді. онда,—дейді Сүйіліш,—Сұркиік мені іздеп келе жатқанда,
ең бірінші рет көзі түскен керқасқа атты Сұркиікке мінгіз.
Бай да екі сөзге келместен, керқасқа атты Сұркиікке мінгізіп жібереді. Сол Сұркиік бала ержете келе әкесі Сүйіліштей жаужүрек батыр болып шығады. Талай рет ел тәуелсіздігі үшін қандай айқастарға керқасқа атпен қарсы шапқан екен. Бірде майдан даласын Есім ханмен бірге бақылап тұрған Сүйіліш батыр баласының ерлігіне риза болып: «Қайран жетімегім, аман жүр!»—деп қалыпты. Дуалы ауыздан шыққан сөз қалың қазаққа жылдам жайылып кетіпті. Сөйтіп, анасынан ерте айырылып, әкесін іздеп келген Сұркиікті «жетім» атаған халық, одан өрбіген ұрпақты «Жетімнің балалары» «Жетімдер» деп атап кеткен деседі.