Бозжан, Жетімдер аталуы

Бозжан, Жетімдер аталуы
(ІІ нұсқа)
Сұқсыр ханым сұлуды әкесі Әліхан хан Атамтөре деген батырға қосады. олардың төрт ұлы болады. Бір соғыста батыр Атамтөре өзінің төрт ұлымен бірге қаза табады. Жесір қалған сұлу Сұқсыр ханымды Мелде бидің ұлы Құдайберді некелеп алады. Сұқсыр ханым алты айдан соң жүкті болады. Дәл осы сәтте елге жау шабады. Ер-азаматтар түгел атқа қонады. Аласапыранда өзгелермен бірге Сұқсыр ханым мен Құдайберді (Көтенші) бір-бірінен ажырасып қалады.
Жауға аттанар алдында Құдайберді әйеліне Қоңыраттың босаға таңбасын (II) салып көрсетеді: «Егер ұл тусаң, балам мені осы таңба бойынша іздесін!»—дейді.
Сұқсыр ханым аман-есен босанады. Есімін Сүйіліш қояды. Сол Сүйіліш ержүрек бала болып өседі. ол тоғыз жасқа тол ғаңда әкесін іздеп жолға шығады. Белгілі Бөген бойындағы Қарас пан деген жерде Жортпасбай деген адамға кездеседі. оның руы— Қоңырат, Көктің ұлы екен. ол жас баланы алдап, өзінің қо зысын бақтырып қояды. Біраз уақыт өткен соң Сүйіліш қозы ларды далаға тастап, әулие Арыстанбабқа қарай қашады. отырарға келгенде Сүйіліш Жортпасбайдың үлкен ұлы Кебекші ба тырдың астындағы атынан баяғы шешесі берген Қоңыраттың босаға таңбасынан таниды. Кебекші рахымы түсіп, жетім қалған баланы бауырына басып, ер жеткен соң үйлендіреді. Әліхан хан туған жиені Сүйілішті соңынан іздеп келіп, Кебекшіге алғы сын білдіріп, Сүйілішті еліне алып қайтады…
Құдайбердінің бір әйелі Қанымқыз бала көтермеген екен. Мелде бидің інісі орын бидің әйелі босанады. Сол ұлды Қанымқыз шешеміз бауырына басыпты. Құрсағы қанамаған Қанымқыз анамыздың Сүйілішті емізгенде емшегінен сүт саулап шығыпты деседі ел. Сүйіліш Қанымқыз анаға бақыт болып қоныпты. Бауырына басқан соң, көп ұзамай Қанымқыз жүкті болып босанады. ұл табады. Есімін Сопы деп қояды. Сопыдан Мақы деген ұл туады. Сонымен Құдайбердінің Қанымқыздан Сүйіліш, Сопы, Мақы, Сұқсыр ханымнан Досымқұл—төрт баласы бар еді дейді.
Сүйіліштен Жолдыбай туады, Жолдыбайдан игілік деген ұл туады. игілікті әкесі еркелетіп «Бозжігітім», «Бозжаным» дейді екен. Сол бала кейін «Божбан» аталып кетеді. Бүгінде сол Божбаннан тараған ұрпақтар сегіз атаға жетті.
Ал Сұқсыр ханым анамыздың ұлы Соркүйіктен Досымқұл туғанда, Сүйіліштің анасы Қанымқыз шешеміз Досымқұлды «же тімегім, жетімегім!» деп жүріп, кейін енші беріп шығарған да «Жетімектің ауылы» атанады. одан өрбіген ұрпақтар ел аузың да «Жетімдер» деген іргелі, қабырғалы, рулы елге айналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *