Тентек Көбек
«Тентек Көбек» атанып жүргендер—Аманқұл батырдан тарағандар. Аманқұл батыр да аңғал, сіңірі шыққан кедей болған. ол жөнінде мынадай әңгімелер бар. «итке сүйек қарыздар» демекші, әркімнен қарыздар болып қалған. Қайтарайын десе не малы, не теңгесі жоқ. Бір күні әйеліне айтады: «Бүгін бір кісілер қарызын сұрап келетін шығар. Мен анау жантақтың үстінде жатамын, шәйді сонда әкеліп бер!»—дейді. Даушылар келеді: «Аманқұл қайда?»—деп, әйелі: «Анау жатыр»,—дейді. Қараса, Аманқұлы шешініп тастаған, үйілген жан тақтың үстінде жалаңаш, шәй ішіп жатыр. Ішіндегі ересегі айтады: «Мәссаған, мынауың қып-қызыл тентек қой. Қой, бұдан қарызымызды өңдіреміз деп жүрген біз де ақымақ екенбіз, қайтайық!»—дейді де, қайтып кетеді.
Аманқұл кедейліктен үйлене алмай жүреді. Бірде мұздан суат ойып жатып ағалары: «Аманқұл, мына суға бір сүңгіп шықсаң, келіншек әпереміз»,—дейді. Аманқұл тайсын ба, шеші ніп жібереді де сүңгіп шығады, «мынау неке қияр сағылағына» деп екінші рет сүңгиді, «мынау өлі-тірісіне» деп үшінші рет сүңгиді. Ағалары сөйтіп үйлендірген екен.
Бірде кәлөшін қолтығына қыстырып, Сырдың таяз жерінен кешіп өтіп келе жатса, ар жақтан біреулер: «Ей, кімсің?»—дейді. «Аманқұлмын» десе: «Қай Аманқұлсың?»—дейді. Аманқұлды танымағанға ашуы келіп: «Көбектің Аманқұлымын» демек болып, «Көбек…» деп екі қолын көтеріп айғайлай бергенде, қолтығындағы кәлөші суға кетіп қалады. осыдан келіп отырыстарда Көбектің жігіттері мақтана бастаса: «Сөзді қой, Сырдың түбінде жатқан кәлөшіңді тауып ал!»—деп тоқтатады.