«Алатау» аты қалай шықты?

«Алатау» аты қалай шықты?
Жиенәлі он үш-он төрт жастардағы бозбала шағында салт бойынша нағашысының ауылына қыдырып барады. Нағашы лары Божбан руының бақуатты, бас көтерер азаматтары болады. Қалмақтардың қайта-қайта шабуылдап, тыныштық бер мей жүрген кездері. Ала тайға мініп барған жиен қонған ал ғаш қы түні қалмақтар ауылға шауып, божбандардың қалың жыл қысын айдап кетеді. Жиенәлі таңертең тұрғанында ауылда атқамінер азаматтардың қалмағанын көреді. Сұрастыра жүріп, жылқы барымталаған жаудың соңынан қуып кетіпті. Желіде тұрған тайына жайдақ міне шапқан Жиенәлі жаудың соңынан қуа жөнеледі. Нағашылары қалмақтармен шайқасып жатқан жерге де көп ұзамай жетеді. Қалмақтардың саны басымдау екен. Төбенің басында қасындағы нөкерлерімен қолбасысы бақылап тұрады.
Жиенәлі ұрандатып ұрысқа енгеннен соң, қалмақ біткен тым-тырақай, алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Төбе басын дағы қолбасы қашып келген қалмақтардан: «Тайға мінген бала дан неге сонша үріктіңдер?»—дегенде: «Бала емес, таудан көш кен селдей болды ол бізге. Таптап кете ме деп қорықтық»,— деп біреулері уәж айтса, екіншілері: «Алатаудан көшкен сел дей болды. өзінің екі иығында екі жолбарыс бар»,—дегенді айтты. Қолбасы жасағының бұл сөзіне тоқтап, «Бұл—қазақтың болайын деп тұрған батыры. Алатаудай тұлғасы бар екен. Малды тастап қайтыңдар!» деген екен. «Алатау батыр» аты осылайша пайда болған деседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *