Қоңырат туралы аңыз
Бекарыстың төрт баласы болады: Арғын, Қыпшақ, Тарақты, Найман.
Тарақты үлкен үйде қалады. ол кіші бала, сондықтан оны «Ноқта ағасы Тарақты» деп атайды.
Арғынға, Қыпшаққа енші беріп бөлек шығарады. Ал Найманға жалғыз өзін бөліп, енші береді. Найман Жошы хан ның баласы—Жолбарыс ханға арыз етеді. онда былай дейді: «Туысқаным, мені әкем жалғыз шығарды. Маған қарашы ңыз дың біреуін еншілес қылып берсеңіз?» Сонда Жолбарыс хан айтты:
«Мен 11 жасар күнімде әкем Жошы хан Қызылбастың еліне аттанды. ол кезде Қызылбасты «Апашы» деп атаушы еді. Сонда әкем мені «жол көрсін, жұртын танысын» деп ала барған еді. Қысқасы, Жошы қызылбастың елін шауып, малдарын алып, 15 адамын байлап алып қайтты. Елге келгесін: «Баламның бірге шыққан сапары қайырлы болды»,—деп, елге келгенсін той қылып, бәйге шаптырмақ болды. Бәйгеге 306 ат жиналған. Сол кезде алыстан бір шаң шықты. «Не шаң?» деп жұрт қарап тұрса, шаңның ішінен қоңыр аты бар бір адам болуы керек, сол келіп топқа қосылды.
Қарттар: «Қайдан келесің, кім боласың?» деп сұрады. ол айтты: «Қызылбастан келем, ханға арызым бар»,—деді. Ханға келіп жолықты. «Қайдан келесің?»—деп жөн сұрағанда: «Қызылбастан келемін, өз атым—Менкеншөп раязал баласы. Келген себебім Жошы хан бәйге қылып жатыр деп естідім. Сол бәйгеге атымды қоспаққа келдім. Мына шартпен қосамын: әгар менің атым озса, бәйгеге не беретін болсаңыз да, менің 15 адамымды босатып беріңіз, соның ішінде төртеуі—жақыным. Егер атым озбаса, 16-құл қылып, ең ауыр қызмет істейтін орынға жұмсауға ризамын.
Бұған хан да, халық та риза болып, ант қылып атын қоспақшы болды. Сонымен 307 ат болып жарысқа шықты. Мерзім ді жерге барып, атты қатар тұрғызып, аттарын шабысқа жө нелтті. Сол кезде аттың бәрі алға қарай шаба жөнелгенде Мен кеншөп баяу шауып, артта қалды. Бірақ тиісті жерге жете бер ген де оның аты оза бастайды. Сонда Менкеншөп айтты:
Тұлпардан тер шыққанша,
Жабыдан жан шығар,—
деп, атын тежеп, орта келе барғанда қатты шабысқа салды. Аттың өкімдігімен алға шықты. Сонымен, Менкеншөп озып, жақындағанда халық: «Қай ат озып келді?» деп шуылдасты. Көпшілік: «Қоңырат келе жатыр» деді. Аты озып келгенсін атам уәдесін орындап, он бес адамын мал-мүлкімен қайтармақшы болды. Менкеншөп өзінің қызылбастығын жасырып, астындағы атын орай қылып шабады. Адамын босатқансын атам Қоңыратқа айтты: «Саған сансыған жұрттан сан тимесін, менің қырық жігітімнің бірі бол!»—деді. Менкеншөп мұны қабыл алып, адамын елге жіберіп, өзі атама нөкер болып қалды. Атам өлгенсін мен патша болдым, бұл маған да өте жақсы қызмет істеді. Сол айтқан жігітім мына қарсы алдыңда отырған, дыбысы өте алал, сенімді болған үшін саған еншілес қылып бердім! Бұрынғы шын аты—Менкеншөп, қазіргі лақап аты—Қоңырат». Сонда Найман: «Алдияр тақсыр, ханым, құлдық басы»,—деп, Қоңыратты ұстап үйіне алып келді.
үш арыстың баласын жинап, боз бие сойып, той жасап: Мы-
на Қоңырат—інім»,—деп, көптің ішінде асық жілік ұстатып, еншілес қылды.