АРҚАНКЕРГЕН

АРҚАНКЕРГЕН — тастан қаланған екі катар көне қамалдың орны. Шығ. Қазақстан обл. Тарбағатай тауы мен Сақсан өз-нің арасында орналасқан. Екі қамалдың арасы 30 км-дей. Тас қамалдың ұз. 10 км, ені 3 м. Жергілікті халық бұл қамалды “Керген тас” немесе “Арқанкерген” деп атайды. Қай кезде қаланғаны туралы дерек жоқ. Дегенмен, оның әскери қамал болғаны, жер ыңғайына қарай күншығыс жақтан келетін жаудан қорғану үшін салынғаны анық. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *