Саржомарттың екі баланы қайтарып, олардың «Бура», «Көкжарлы» атануы

Саржомарттың екі баланы қайтарып, олардың «Бура», «Көкжарлы» атануы 
(ІІ нұсқа)
Бір жылы Саржомарт саудамен Бұхар, Ташкент, Хиуа жаққа кетеді. Келер күз салқын түсе келеді. Бұл аралықта Бақы мен Бақанас Сарының бұрынғы әйелі мен балаларынан қақпай кө реді, күйістері кетеді. Ішсе асқа, кисе, киімге жарымай ды. Ташкеннен келген сарт саудагерлер сауда жасап, қазақтардан көп мал жиып алады. Малын айдап бару үшін Бақы мен Бақанас ты көндіріп, жалдап алады. олар сартпен бірге кетіп қалады.
Саржомарт жолаушылықтан келген соң балалардың жайкүйін сұрап, басқалардан біледі. Келер жылы Сармырза екі баланы іздеп, табады. Ташкент бегінің алдында жүгініске түсіп, екі баланы алып қайту қамына кіріседі. Бекке параға бір көк жал бесті арғымақ пен қара бура түйені сыйға беріп, Бақы мен Бақанасты алып келеді. Екі баланы Сармырза ерекше тәрбиелейді.
Екі бала Сармырзаның малын бағып, жаз жауға, қыс жұтқа бермейді. Малдары бұрынғысынан да көбейе түседі. Бақы мен Бақанасты жастары 17-18-ге келген кезде екеуіне де толық жерден қыз айттырып, енші беріп, бөлек шығарып, екі ауыл етіп қоныстандырады. «Көкжал бесті арғымақ беріп алған, көкжалым!»—деп жүріп Бақы, кейіннен Көкжалдының орнына «Көкжарлы» атанады да, «қара бура беріп алған, бурам!»— деп жүріп Бақанас «Бура» атанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *